Skip to main content
ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!

ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!

By Omarova Assel

ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!
Currently playing episode

ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!

ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!Apr 18, 2022

00:00
07:24
ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!

ШЕШЕН БОЛ – ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТ!

Қайырлы күн, құрметті Достар!

Сіздер үшін «Шешен бол - жетістікке жет!» атты жаңа айдарымызды бастаймыз. Мақсатымыз – халқымыздың  шешендік  өнерін өнеге ету арқылы көркем ойды кестелі сөзбен жеткізе білуді үйренуге бағыт беру.

Кейінгі кезде ұлттық қасиетімізге жат шетел дүниелерімен жас ұрпақтың санасын сансырату сәнге айналып бара жатқаны алаңдатарлық мәселе. Ата-Бабамыздан  мирас  асыл  қазынамыз  барда өзгенің қаңсығын таңсық көрудің өзі күнә сияқты. Сондықтан, ұл-қыздарымызға беретін тәлім-тәрбиенің мәйегі баба мұрасы болуын әр адам қаперінде ұстағаны абзал. Соның ішінде, қазақтың шешендік өнерін жас буынның санасына сіңіру арқылы Ана тіліміздің ажарын сақтап, болашаққа бүлдірмей жеткізу біздің басты борышымыз.

Осы орайда,  баланы жастайынан жақсы сөйлеуге үйретіп, көркем сөздерді көкірегіне құя білсеңіз жандүниесі бай, санасы сәулелі болады. Әлбетте, ондай бала болашақта болмысы бай тұлға болып қалыптасары хақ.  Өйткені, көркем, тапқыр және мағыналы сөйлей  білген адамға қай салада болсын  жетістікке  жетуге жол ашылады. Бұл - сөз құдіреті. Осы орайда, «Адамның  сөзі  аспандағы  бұлтты айналдырып түсіреді» деп атамыз қазақ текке айтпаған. Ал, көркем сөйлеймін десеңіз, қазақ тілінің сөздік қоры бақ-қазына. Ана тіліміздің ғажап көркемдігінің  һәм байлығының айшықты дәлеліндей болған халқымыздың шешендік қасиетіне шетелдіктердің өзі таңқалып, тамсанған. Солардың  бірі,«саяси  қылмыскер» ретінде  Сібірге жер аударылған  қайраткер ақын, саяхатшы, этнограф, поляк перзенті Адольф  Янушкевич 1846 жылы қазақ даласына саяхат жасайды.

Осы сапары хақында «Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар» кітабында былай деп жазған екен:

«Бұл іс біздің бірнеше күнімізді алды. Өйткені, айтысқа бір-біріне қарсы екі партия көтерілді. Барлық мүдде, ынта-жігер қозды. Әр сәт сайын жаңа шешен сөйлейді. Осы бір дала Демосфендері мені сөздерінің мазмұндылығымен және жігерлілігімен баурап алды. Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес, оның рухы қазақ даласына аспандай көтеріліп, жарқырап сәуле шашатын болады...».

Толығырақ 

Apr 18, 202207:24
 М.Әуезовтың "Абай жолы" бірінші кітабына 80 жыл толып отыр.

М.Әуезовтың "Абай жолы" бірінші кітабына 80 жыл толып отыр.

Биыл М.Әуезовтың Абай жолы бірінші кітабына 80жыл толып отыр.  Абайдың жасы 13-ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік жол қалғанда бала шәкірт барын салды. Ол асып, алға шауып кете берді. Байтас баланы қуып жетіп: "Енді асықпа, Есенбайдың жырасында ұры жатады" - дейді. Бала шәкірт сөзге қарсы орайын білдірмей, біраз бірге жүреді. Байтастың мінгені  Құнанбайдың қара жал бұрыл аты. Ал Жұмабайдың астындағы да Құнанбайдың Найманкөк деген үлкен көк ала аты болатын. Олар баланың соңынан жарыса кетті

Бұл Шыңғыс бөктеріне үш-төрт ауыл қоныпты. Бұлар "Құнанбай ауылы" деп аталады. Абай ауыл ортасындағы ақ үйлердің қасында қарап тұрған екі шешесі Ұлжан мен Айғызға жеткенше асықты. Аттан түсе салысымен шешесіне беттей берсе, Ұлжан: "Әуелі әкеңмен амандас", - деп, Құнанбайды меңзейді. Сосын Абай әкесі және қасында тұрған кісілерге барып, сәлемін береді. Әкесі Абайдан: "Молда болдың ба? Бойыңа қоса білімің де өсті ме?", - деді. Соңсоң шешесіне баруын меңзеп, өзі батыстан келе жатқан төрт-бес салт аттыға қарап тұрып қалады.

Жалпы бұл жерде жиналған кісілердің мекені Тобықты болады. Соның ішінде Жігітектен – Бөжей, Көтібақтан – Байсал келіп отыр. Сүйіндік Бөкеншінің адамы, ал Құнанбай Ырғызбай руынан. Ал басты мәселе Қодар Барсақ руынан еді. Жиреншенің үлкендер арасында әбден іші пысып, сыртқа шығады. Бала Абай оны жақсы танитын. Содан Қодардың кім екенін білгісі келіп, ол да тысқа шығады. «Жаңағы осы Қодар деген кім?», - деп сұрады Абай. Сонда Жиренше: «Ол мынау Шыңғыстың ет бөктерінде тұратын жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Барсақ. Қодар биыл қыстыгүні жалғыз баласы өлгеннен кейін келінімен жақын болыпты», - деді. Абай алдымен түсінбеді. Сосын Жиренше бір тұрпайы қозғалыстар жасап, түсіндіре кетті. Содан барып Абай түсінгендей болды. Кейін ол үйге қайтып кірмей, шешесіне қарай беттеді.

Қодар баласы Құтжан өлген соң келіні Қамқа екеуі біраз қайғырды. Ел ішіне араласпай да қойды. Малдары да шағын. Мал қарауға мүрдесі жоқ Қодар, ауыл ішіндегі үйсіз қаңғырған кісі Жанпейісті жанұясымен өз үйіне көшірген болатын. Сол Жанпейіс қой бағып жүргенде басқа қойшыларға бұл сұмдық болмысты таратыпты. Осыған орай Қарашоқыда елдің игі жақсысы жиналып отыр екен. Ол жердің старшыны Майбасар, ал бастығы Құнанбай. Майбасар атшабары Қамысбайға бір-екі атты қосып, Қодар мен оның келінін алып келуді бұйырады. Атты кісілер аса бір ызамен келіп, ол екеуін де қолын артына байлап, атқа мінгізіп алып кетеді.

Күн өтті. Күн артынан біршама уақыт өтті. Көктемнің көзі шығып, ел көшуі жақындады. Биыл ел көшіне белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар. Абай атқа мінуге жарағанымен, үйден аса көп шықпайтын. Оған әжесі көп-көп ертегілер мен әңгімелер айтушы еді. Соның ішінде «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Жүсіп-Зылиқа» секілді жыр-дастандар болатын. Осындай әдебиетке зейін қойып, тыңдап жүрген күндердің бірінде үйге екі бөгде қонақ келіп қонады. Бірін Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, «Қозы Көрпеш- Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Екіншісін бала Абай танымағанымен, шешесі жақсы біледі екен. Ол кісі Барлас деген ақын болатын. Абайдың ауырғаны да есінен шығып кеткен болатын. Ұлжан да риза болып, қонақтардың кетерінде Барласқа семіз көк атты, ал Байкөкшеге торы құнанды сыйға береді.

Apr 03, 202204:51
Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" повесі

Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" повесі

Жазушы Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.

Балалық шағы 1941-45 жылдар аралығындағы соғыстың ауыр күндеріне тап келген Сайын Мұратбековтің алыста қалған балалық шағының мұңды елестерін жадында қайта жаңғыртып, көркем шығармаға арқау етуі оның шығармашылығындағы басты тақырыптардың бірі. Сондай көлемді шығармасының бірі – «Жабайы алма» повесі. Соғыс тауқыметіне тап болған ел тіршілігі, ондағы адамдар тағдыры, балалар өмірі «Жабайы алма» повесінде терең оймен, көркем шынайылықпен шебер суреттелген. Онда әкеден айырылған бала, ұлынан айырылған ана, жардан айырылған жесір, сүйгенінен айырылған қалыңдық, бұғанасы қатпай ауыр еңбекке араласқан балалар, осы жүктің барлығын көтеріп, мүгедек, ауру-сырқаулығына қарамай жұмысқа араласқан шал-кемпір бәрінің бейнесі бар. Оқиғалар желісі басты кейіпкер Қанаттың әңгімелеуімен өрбиді. Шығармадағы оқиғалар желісі адам бойындағы жақсы мен жаман, адалдық пен арамдық, аярлық пен ездік қасиеттерді ұға білген Қанаттың көп жайды анық аңғарып, сезе білетін, өмір ерте есейткен, бақытты шағы соғысқа тап келген бала екендігін танытады. Шығармада, әсіресе сол бір кезеңдерде жағдайға қарай кілт өзгерген адам психологиясы, көңіл пернелері оқиға барысында ерекше бір көркем тәсілмен беріледі. Нәзира, Тоқтар, Байдалы, Әжібек пен Ырысбек, Нұғыман, Зибаш секілді кейіпкерлер барлығы да шынайы өмірде жиі кездесетін бейнелер. Жазушының тағы бір қыры өзінің әрбір кейіпкерін сөзімен, ісімен кім, қандай бейне екендігін оқырманның өзіне бағалатуға, жақсы мен жаман парқын айырып тануды өз сарабына салуға қалдырады. Шығарманы бір қалыппен оқу мүмкін емес, кейіпкерлерінің іс-қимылдары мен мінез-құлықтары оқырманын бірде ашындырып отырса, бірде еріксіз күлкіге жетелейді. Повестің трагедиялық жағдайда аяқталуы соғыстың қазақ аулына әкелген зардабының ел есінен ешқашан ұмытылмайтын оқиға екендігін ұқтырып, соғыс атаулыға деген қарғыстай сезіледі.

Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.

Apr 03, 202203:27
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі І.Жансүгіровтың  – «Құлагер» поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады. Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жол серігі еді.

Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындай бөбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгенін білеміз.

Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау айтады. Ақаннан Құлагерді айырған адам баласының қара ниетінің нәтижесі. Бұл жерде іштарлық, көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына көреміз . «Құлагер» поэмасы Ақан сері сол кездегі заманның әділетсіздігін шығармаға арқау еткен.

Ілияс Жансүгіроватың «Құлагер» поэмасында ақын қазақ халқының өмірін, өткен оқиғаларды бейнелегенде даму, өзгеріс үдерістеріне тарихи тұрғыдан қарап, әлеуметтік қоғамдық мәселелерді Ақан өмірі арқылы астарлап жеткізеді. «Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған!» деп Ақан сері мен оның өмірлік серігіне айналған тұлпары Құлагерді дәріптеп, елге танымал үздік өнер иесінің қайғылы әрі серілік тағдырын дәл суреттейді.

Ілиястың «Құлагер» поэмасын оқи отырып, біз осы шығармаға арқау болған негізгі оқиға Арқаның атақты әншісі Ақан серінің адал серігіне айналған тұлпары Құлагерінен айырылған қайғылы оқиғасы деп түсінеміз. Жауыздық пен қастандықтың құрбанына айналған Құлагерінен айырылу өміріндегі ең ауыр соққы болып тиеді. Алайда, бұл поэма, сырт қарағанда, ақынның сәйгүлігі Құлагерге арналған, соған байланысты туған сияқты. Ақынның өзі де: «Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой, Осыдан бастамақшы екі сөзің басын» деп шығармаға өзек болған Құлагер оқиғасы дегенді меңзейді. Бірақта, ақын осы оқиғаны арқау етіп, халық тағдырын қалай суреттеген? Бұнда қандай тарихи оқиғалардың ізі жатыр? Сағынай асы үстіндегі қазақ тіршілігінің бүкіл әлеуметтік кескінін, сол заманның шындығын, әдет ғұрпымен қатар, қазақтың басынан өтіп жатқан тоталитарлық үкіметтің қыспағын, отаршылдықтың кесірінен көрген қазақ тағдырын, кедейленген шаруалар мен байлардың сараң мінезінде ашып айтады. Тіпті сол замандағы арам пиғылды адамдардың жиіркенішті істерін бір адамның бойынан тауып, Балташ сияқты ашкөз, көреалмаушылық қасиеттерін де әшкерелейді.

Ақынның әр шығармасында құнарлы өзгешеліктер, ізденістің арқасында суреткер тапқан тамаша жаңалықтар астасып келетін бұл туындыда Ілияс ерекше шеберлік таныта білді. Бір жағынан Ақан өмірін арқау етіп, бізді асыл қасиеттерге тәрбиелесе, екінші жағынан бұл оқиға арқылы бізді керуеннің көшіндей ілгері басып бара жатқан тарихтың бір бөлігімен таныстырып, өр рухпен бойымызға жалынды намыс ұялатқандай.

Mar 31, 202203:55
«Тас кітаптың құпиясы»

«Тас кітаптың құпиясы»

Таскітаптың құпиясы

Армысыздар қымбатты оқырман! Эфирде кітапқа шолу подкасты және мен Ынтымақ Толқын!

Бүгінгі шығарылым тарих беттерін ақтарып, құпиясын, сырын ашатын  жандарға арналмақ. Егер тарихтың тылсымына қызығып, көне жазбаның мағынасын түсінуге құмар болсаңыз, онда, менің қолымда тұрған мына керемет кітап сіздерге таптырмас қазына десем артық емес. Көне хунну және түркі мәтіндерінің сыры ақтарылған Қаржаубай Қартқожаұлының бұл кітабы көшпенді халықтың мәдениетінен сыр шертеді. «Тас кітаптың құпиясы» деп аталған бұл кітап екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, байырғы түрік құндылығы. Бұл бөлімде көне түрік жазуынан бастап, олардың ел басқару жүйесі, әдет-ғұрпы, киіну мәдениетімен қоса қолөнер шеберліктері туралы дәйектер жинақталған. Екінші бөлім, байырғы түрік мәтіндері жайында. Мұнда, қазақ даласынан табылған ескі жазуы бар жәдігерлердің сыры туралы баяндалады.

Біздің бүгін сіздегре айтарымыз осы! Кітапты оқимын десеңіздер, біздің кітапханаға келіңіздер!

Сіздермен болған кітапқа шолу подкасты және мен Ынтымақ Толқын!

Келесі шолуымызды жіберіп алмаңыздар!

Feb 27, 202201:09
Әбілқайыр хан

Әбілқайыр хан

Армысыздар қымбатты оқырман!

Сіздермен бірге кітапқа шолу подкасты және мен Ынтымақ Толқын!

Қыстың қаһары басылып, күндеріңіз сәтті өтіп жатыр деген ойдамыз! Ал, бүгін біздің сіздермен қозғайтын тақырыбымыз, яғни, кітабымыз кіші жүздің ханы Әбілқайыр туралы жазылған Әділ Қойтановтың «Әбілқайыр хан. Аңыз бен ақиқат» атты жинағы.

Неге жинақ деп ойланып отырған болсаңыз, ол былай.

Бұл кітапта Әбілқайыр хан туралы зерттеу жүргізген еліміздің және шет елдік тарихшылардың еңбектері жинақталған.

Жалпы, тарихта біз Әбілқайыр ханды ер жүрек батыр және кіші жүзді орыс империясының қоластына өткізген тұлға ретінде білеміз. Оның осы әрекеті жайында әр түрлі әңгімелер де өрбіп жатады. Біреулер жақтайды, біреулер даттайды.

Ал аталмыш кітапта Әбілқайыр хан туралы, оның қайраткерлігі мен тарихтағы орнына жаңаша қарауға бетбұрыс жасайтын деректер мен дәйектемелер келтірілген.

Мұнда, тек бір адамның көзқарасы тұрғысында емес, әр елдің тарихшыларының жинаған еңбектері мен ойлары жинақталған. Кітаптың ерекшелігі де осында.

Тарихтың тереңіне бойлап, еліміздің өткенін саралаймын десеңіз осы кітапты оқыңыз. Ол үшін біздің кітапханаға келіп, кітапқа тапсырыс берсеңіз болғаны.

Бүгінге сіздерге айтарымыз осы! Біздің алдағы шығарылымдарымызды жіберіп алмай тыңдап жүріңіздер!

Сіздермен болған кітапқа шолу подкасты және мен Ынтымақ Толқын.

Күндеріңіз сәтті өтсін!

Feb 27, 202201:09
А.Сейдімбек “Ақиық”

А.Сейдімбек “Ақиық”

Биыл жазушы Ақселеу Сейдімбектің Ақиық хикаятына 50 жыл толып отыр.

Жазушы А.Сейдімбек “Ақиық” хикаятында қыран бүркітті ұстап, баптау жайын әңгімелейді.
Өмірінің бар қызығын саятшылыққа арнаған Сыздықтың өмірі көпке үлгі болардай. Оның түзтағысын соншалықты ептілікпен күтіп-баптауы, мәпелеуі, адамға сөйлескендей есті қарым-қатынас жасауы қайран қалдырады. Он бес жылдай серігі болған құтты Қосбармағын құрдасы Файзоллаға берген кездегі көңіл-күйі аса шынайы беріледі: “Томағасын алған соң, он бес жылғы серігін жаңа көргендей үн-түнсіз, қимылсыз қарап қалған. Сол сәт оның түйіле қадалған аялы жанары құсының сымбатына таңданудан гөрі, қимас серігімен қоштасқандай күйде еді. Қоштаса тұрып, аяулы құсының әр тал қауырсынынан небір ғажайып ләззатты шақтарын қайта оқығандай болған. Сонан соң кәрі жүрегі боркеміктене егіліп, елжірей келіп, өзгеше бір ұлы мейірімімен ұзақ-ұзақ айналып-толғанған еді». . Ендеше, саятшылық жайында жазу қалам ұшқырлығымен бірге, бұл кәсіпті бүге-шігесіне дейін білуді қажет етеді. Мұндағы бүркіттің шебер мүсінделуі, дене бітімінің “садақша иілген серпінді сандарынан бастап бауыр сыртының жүні жаппай алтынның буына ұстағандай сарғыш тартуы, сүйірлене бітіп, мінсіз жымдасқан бой жүнінің жапырақтары сары бұйра мәрмәр тасынша жылтырап, әр талшығының жігін тауып тұрғаны” соншалықты дәлдікпен сипатталады.
Бұл шығарма автор адамдар арасында болатын мейірім мен жылылықтың табиғатқа да жат еместігін айтады. Сол арқылы тіршілік ортасын аялауға шақырады.

Feb 23, 202202:10
Шерхан Мұртаза “41-жылғы келіншек”

Шерхан Мұртаза “41-жылғы келіншек”

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның “41-жылғы келіншек”  әңгімесіне биыл 50 жыл толып отыр. Әңгіменің бас кейіпкері – Хадиша. Күйеуі Мақсұт өзгелермен бірге соғысқа аттанғанда ол небәрі жиырма сегіз жастағы жас келіншек болатын. Соғыс аяқталып, тірі қалған ер-азаматтардың барлығы елге оралғанда, мұның жарынан хабар болмайды.  Өлдіге жорығысы келмеген жарының ошағын сөндірмей, қара шаңырақка жалғыз ие болып қалады. Қызы Жанар тұрмысқа шығып, Хадишаны қолына алғысы келгенде де үзілді-кесілді қарсы болып, Мақсұт үйінің түтіні өшпегенін қалады. Осылайша сарыла, сағына күтіп, бар жас ғұмырын соғысқа аттанған күйеуінің жолын тосуға арнады.

Қартайғанша ерінен күдер үзбей, жалғыздықпен күн кешкен Хадишаның жанына өз қайнысы Шалабай мен Ақшай кемпірдің қорлығы ауыр батып еді. Мақсұттың інісі Шалабай жеңгесін жалғызбасты деп қорлап, тиісті кәде-жоралғыны оған бермей, қоржынның аузын Ақшайға аштырды. Оның үстіне Ақшайдың айтқан ауыр сөздері Хадишаның жанын одан сайын азапқа салған еді. Өзін кемсіткен Ақшайдың “қубас, қақбас” деген сөздері де жүрегін сыздатады. Сөйтіп, жастай жетімдік пен жесірліктің тауқыметін тартып, бар азапқа төзген Хадишаның бейбіт күнде де елден, әсіресе, ең жақыны, өз қайнысы Шалабайдан көрген қорлығы әбден жасытып, көңіліне қаяу түсіреді.

Әңгімеде болып жатқан эпизодтар кейіпкердің түс көруі арқылы өрбиді.

Табалдырықтан аттамай бір орында тапжылмастан тұрып қалған күйуінің бұл әрекетіне ыза болып, айқайлап жіберген ол осылайша өз түсінен өзі шошып оянып кетеді. Түсінде күйеуінің өзіне еш тіл қатпағанына аң-таң болған келіншек одан әрі өз тіршілігін жасап, келер күндерден бір үміт күтіп қала береді.

Мұнда жазушы бір ғана Хадишаның емес, соғыс жарынан айырып, зарлы еткен талай қазақ әйелінің басындағы ауыр қайғыны шынайы түрде қарапайым тілмен баяндайды. Хадиша образы өзінің бар болмыс-бітімімен шебер сомдалған.

Жазушы әңгімесінде жеңіл өмір сүріп, соғыс зардабы өте қоймаған келіншектер де бар екенін  Ақшай бейнесі арқылы еске салады. Ақшай мен Хадиша бір-біріне ұқсамайтын, қарама-қарсы алынған бейнелер, екеуінде екі түрлі психология. Яғни, Ақшай – қайғы-мұңсыз, шалы мен балаларының алдында шалқып өмір сүрген әйел болса, Хадиша – тағдырдың ауыртпалығына мойынсұнған,  жүрегі қан жылаған жаралы жан. Оның жары Мақсұт елі үшін соғыста жанын пида етсе, Ақшайдың шалы әскердегі міндетін орындаудың орнына өз қара басын ойлап, жан сауғалаған пенде еді. Жазушы әңгімесінде осындай опасыз жанның қылығын тез ұмытып, оны құрметтеп сыйлап отырған, ал сұрапыл соғыста қан кешіп, ел үшін қаза тапқан Мақсұттың әйелі Хадишаны елемеген ел-жұртты да сынға алған сыңайын да жасырмайды.

Feb 19, 202204:05
Бейімбет Майлин "Күлпаш"

Бейімбет Майлин "Күлпаш"

Биыл Қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің Күлпаш әңгімесіне 100 жыл толып отыр.

1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан, әсіресе Қазақ халқы қатты зардап шекті. Бұл тарихи оқиға қазақ ақын-жазушыларының да назарынан тыс қалмады. Сондай нәубет жылдар жазылған шығармалардың бірі Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі.

«Күлпаш» әңгімесі қазақ жеріндегі қасіретті ашық суреттеген шығармалардың бірі. Әңгіме аштықтан зардап шеккен бір отбасының тағдыры өрбиді. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарын бейнелеген әңгімеде тұтас ұлттың қайғысы көрініс табады. Шын мәнінде отаршылдықтың әсерінен халқымыз бар байлығынан айырылып, өлместің күйін кешеді. Халықтың жартысы қырылып, ұлттың жойылып кету қаупі төнген қайғылы жылдардың азабын автор шағын әңгімеде баяндап береді. Ұлттың айнасы – ана, әйел екенін ескерген автор Күлпаштың аянышты халін суреттеуден бастайды: «Күлпаштың көңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі еді...

Үстінде, өрім-өрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның сыртында тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген көне Бөкебайдың жұрнағы. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай... үйдің ішін жылытуға пешке жағатын отын жоқ. Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың зардабы. Бар сенетіні байы Мақтым ел қыдырып, тілек тілеп, ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ, оның да табары жоқ....

Шығарманың басты кейіпкері Мақтым Күлпаштың күйеуі. Отбасыма қалай нан табамын деп кешке дейін ауылды аралап жүреді. Күлпаш баласының қамын ойлап қайғыға салынады. Сол себептен сіңілісінің азғыруымен, отбасын тастап Жұмағазы деген байға тұрмысқа шығады. Асқа жарыған Күлпаш күндердің бір күні баласын ойлап, үйдегі тамақты дорбасына салып ұлы мен күйеуіне келеді. Бірақ барлығы кеш болды. Екеуі де бұл дүниемен қош айтысқан еді. Күлпаштың әрекеті дәрменсіздіктен жасалаған амал болатын. Аштықтың кесіренен адамдар ақыл-есінен ауысып, тіпті бір-бірін жеуге дейін барғаны тарихтан белгілі. Ал бұл шығармада Күлпаш та отбасының қамы үшін, мұқтаждықтан бай адамға тұрмысқа шығуға мәжбүр болды. автор Күлпаштың ішкі дүниесіндегі аласапыран күйді суреттейді. Қашанда отбасы мен бала-шағаны бірінші орынға қойған ұлттың ардақты аналарының болмысы осында көрінсе керек. Қазақ әйелінің аянышты да ауыр халі, ұлттың қасіреті шағын әңгімеде шынайы әрі көркем бейнеленген.

Feb 19, 202203:30
Мерейгер шығармалар. Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз поэмасына»

Мерейгер шығармалар. Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз поэмасына»

Қайырлы күн кітапқа жаны жақын оқырмандар!

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың ІІ Дүниежүзілік соғыс кезеңінде жазған «Ақын өлімі туралы аңыз поэмасына» биыл 40 жыл толды. Бұл туынды қазақ поэзиясында ерекше құбылыс тудырды. Поэмаға майданда қаза тапқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтің көрсеткен ерлігін арқау еткен. Сонымен қатар ақынның отанға деген сүйіспеншілігі мен тұлғасын айқын сомдаған.

Ақын өлімі туралы аңыз поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының құнды туындысы. Поэмада жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Соғыс барысында бөлімшесі немістердің қоршауында қалып, сол маңдағы үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшсада Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды. Көп әскерінен айырылған жау "Абдоллаға беріл, кінәңді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді. Амалы таусылған немістер үйге от қоя бастайды. Әдетте, қызыл жалынға адам жаны төзе бермейтіні белгілі… Бірақ,  Абдолла жауға қасқая қарсы тұрып, қасық қаны қалғанша шайқасты.

Еліне берген антына адал азаматтың батыр бейнесі ел есінде мәңгі қалды.

Ақын өзінің жауынгер серігінің ерлігін өлеңіне арқау ете отырып, жастардың патриоттық сезімін оятты.

Сондықтан да бұндай құнды шығармаларды оқып, білуге жастарға кеңес беруіміз керек.

Ендеше, кітапты алып оқуға асығыңыз ардақты Ағайын!

Feb 04, 202202:15
Алпамыс батыр

Алпамыс батыр

Сәлем кішкентай оқырман! Сендер қазақтың Алпамыс атты батыры туралы білесіңдер ме?

Әрине, білесіңдер деп ойлаймын!

Қазір мен сендерге Алпамыс батыр туралы көп ешкім біле бермейтін деректерді айтамын. Дұрыстап тыңдап алсаңдар болады.

1.Алпамыс батыр жыры қазақ эпостарының ішіндегі ең көне жыр.

2. Жырдағы жер-су атаулары Қазақстанның қазіргі Қызылорда өңіріне тиесілі.

3. Қазіргі таңда бұл жыр Өзбек халқының ұлттық мұрасы ретінде тіркелген. Себебі, 1999 жылы көршіміз өзбек халқы ЮНЕСКО-ның шешімімен Алпамыс батыр жырын өздерінің ұлттық эпосы етіп алды.

4. Алпамыс батыр жырының ерекшелігі қазақ халқының барлық кезеңдегі жаугершілік туралы айтылуында. Жырдын негізгі мәтіні 17-18 жағсырдағы жоңғар шапқыншылығы жайында.

5. Алпамыс батыр жыры негізінен әсірелеу арқылы жазылғандықтан фантастикаға жақын болып келеді. Оны кітапты оқысаңдар жақсы түсінесіңдер. Сондықтан, тездетіп біздің кітапханаға келіңдер де, кітапты оқуға асығыңдар.

Jan 25, 202201:27