1001 Kitap

1001 Kitap

By Bakytgul Salykhova
1001 kitap / 1001 books podcasts
About books, my recommendations about what to read.
Кітаптарға шолу, көркем әдеби шығармалар туралы пікірлерім, оқуға ұсыныстар. Тұрақты жүргізушісі: Бақытгүл Салыхова
Where to listen
Apple Podcasts Logo
Breaker Logo
Google Podcasts Logo
Pocket Casts Logo
RadioPublic Logo
Spotify Logo
1001 kitap: #15 Барт Муйарт "Бауырлар"
#15 Барт Муйарт "Бауырлар" шығармасын да ағайынды жеті ұлдың бастан кешкен оқиғаларын айтып береді.
13:06
March 19, 2020
1001 kitap: #14 Роальд Даль "Матильда"
#14 Роальд Даль "Матильда" романында 5 жасар қыздың отбасы мен мектебінде болып жатқан әртүрлі жағдайда өзін қалай ұстап, әрекет етуін көрсетеді. Кішкентайынан кітап оқуға шақырып, танымал жазушылардың аты-жөні мен шығармаларын да атайды.
25:11
March 19, 2020
1001 kitap: #13 Маркус Зусак "Кітап ұрлаушы"
Маркус Зусак "Кітап ұрлаушы" 2006 жылы жарық көрген, Өлім атынан жазылған кітаптардың бірі. Шығарма адам рухына, оның көзсіз батырлығына, кейде тағдыр ең ойнаса да, өлім оны айналып өтетініне, әлі де жарық сәулесін көретін адам барлық қиыншылық ән аман шығатынына сенім ұялатады. Автор кітап пен сөздің құдіретіне мадақ айтады.
25:53
March 7, 2020
1001 kitap: #12 Джо Диспенза "Түпсана күші: Өмірді қалай өзгертуге болады"
Джо Диспенза "Түпсана күші: Өмірді қалай өзгертуге болады" кітабында квант физикасын да мысалға келтіреді. Квант физикасы туралы білуіңіз керек нәрселер: "бәрі толқыннан тұрады", "квант физикасы - сиқыр емес, ол математикалық ережелер мен принциптерге негізделген", "квант физикасы теориямен емес, тәжірибелермен сипатталады". Диспенза былай дейді: "Егер сіз өміріңізде қатты қиналған болсаңыз, ол сіздің миыңыз бен денеңізде сақталып қалады да, ойларыңыз бен сезімдеріңіз арқылы шығады, яғни сіз квант өрісіне азап пен бейнет дабылын жібересіз, ал ол сізге соған сәйкес менталды және эмоционалды реакцияны қайтарады".
07:18
March 4, 2020
1001 kitap: #11 Эйко Кодоно "Кикидің жедел жеткізу қызметі"
Эйко Кодоно "Кикидің жедел жеткізу қызметі" өте қызық шығарма, балалармен бірге оқып ер жету, өз бетіңше шешім қабылдау, адамдарға көмектесу, дос болу туралы пікір білдіріңіздер
45:02
March 3, 2020
1001 kitap: #10 Джон Грин Жұлдыздар кінәлі The Fault in Our Stars
Джон Грин "Жұлдыздар кінәлі" (The Fault in Our Stars) кітабы 2012 жылы жарық көріп бестселлер болған, кино да түсірілген. Ауруға мойын ұсын ағаң екі жас қысқа өмірлерін мәнді де мағыналы өткізгісі келеді. Махаббат, сыйластық, достық, қолдау бір-бірінің өмірін кішкене болса да жарқырата түседі.
24:48
February 26, 2020
1001 kitap: #9 Грег МакКеон Эссенциализм. Қарапайымдыққа жол
Грег МакКеон "Эссенциализм. Қарапайымдыққа жол" кітабы "көп нәрсені аз уақытта жасау туралы емес, істеуге тиіс нәрсені ғана жасау туралы". Келісу - бұрыс, ал келіспеу дұрыс әрекет екеніне келісесіз бе?
06:27
February 23, 2020
1001 kitap: #8 Ник Бостром Жасанды интеллект
Ник Бостром "Жасанды интеллект" кітабын да айтылған ойларды б#лу қажет пе? Адам деңгейіндегі жасанды интеллект қашан пайда болады? Робот машиналарда сана-сезім пайда болуы мүмкін бе?
07:59
February 22, 2020
1001 kitap: #7 Харуки Мураками және басқалар жүгіру мен шығармашылық туралы
Бұл подкастта Харуки Мураками және басқалар жүгіру мен шығармашылық туралы жазғандарын және жүгіру туралы кітаптар туралы айтамын.
09:59
February 22, 2020
1001 kitap: #6 Хорхе Луис Борхес "Парацельс раушаны"
Хорхе Луис Борхестің "Парацельс раушаны" әңгімесі ұстаз бен шәкірттің бір-бірінің сынынан өтпей қалуы туралы. Ұстаз өзінің ұстаз болуға лайық екенін дәлелдеуі керек пе?
08:59
February 21, 2020
1001 kitap: #5 Маркус дю Сотой Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне саяхат
Маркус дю Сотой "Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне саяхат" кітабын да өте қызық сұрақтар қояды. Білмейтінімізді білеміз бе? Білгенімізден білмейтініміз көп пе?
08:06
February 21, 2020
1001 kitap: #4 Майкл Грегер How not to die кітабы
1001 kitap: #4 Майкл Грегер How not to die кітабына шолу. Деніңіз сау болуы үшін жейтін тамағыңызға қараңыз. Тұзсыз диета ұстап көрдіңіз бе?
08:11
February 21, 2020
1001 kitap: #3 Кен Лю Қағаз аңдар қонысы
1001 kitap: #3 Кен Лю Қағаз аңдар қонысы әңгімесі әдебиет саласындағы Небюла, Хюго, World Fantasy Awards жүлделерін алған. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты суреттейді.
07:55
February 20, 2020
1001 kitap: #2 Janusz Korczak Януш Корчак: Баланы қалай сүю керек?
Януш Корчак: Баланы қалай сүю керек? кітабынан үзінді.
09:34
February 19, 2020
1001 kitap: #1 Eresekterge arnalgan shet tili
1001 kitap: Eresekterge arnalgan shet tili Роджер Крез бен Ричард Робертстің кітабына шағын шолу.
07:05
February 19, 2020