Skip to main content
Tuime

Tuime

By Tuime Podcast

Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын этика, дұрыс қарым-қатынас және қоғаммен байланыс сияқты майда заттарды талқылап, олардың ТҮЙЕДЕЙ салдарын болжап көреді.
Available on
Apple Podcasts Logo
Google Podcasts Logo
Pocket Casts Logo
RadioPublic Logo
Spotify Logo
Currently playing episode

Дұрыс қолдаймыз: “сенің қолыңнан келеді”

TuimeApr 15, 2021

00:00
32:15
«Ренжуге рұқсат ет». Эмоциялық сауатты артырамыз

«Ренжуге рұқсат ет». Эмоциялық сауатты артырамыз

EQ - кішкене түсініксіз ұғым. Эмоционалды интеллект, эмоциялық интеллект, эмоциональный интеллект деген не? Біз осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Адам өзін таныса да өз эмоциясын танымағаны қалай? Оның салдары мен себептері неде? Эмоционал адамдар өз сезімін басқара ала ма? Ол қабілетті қайтып дамытады?


Бұл санда біз өзіңді толыққанды танудың маңызы жайлы сөйлесейік деп шештік. Мінезіңді біліп, эмоцияны басқару пайдасын атап өттік. Бірақ оны басқаруға бола ма? Адамның эмоциясын қай кезде ақтап, қай кезде даттап алуға болатынын да тілге тиек еттік.


Кейде сезімге шектеу қойып, робот болуымыз мүмкін. Кейде тас біткендей болып, ішті жібіте алмай жатамыз. Осының бәріне ат беріп, іштегі түсініксіз сезім үшін ат тергеу пайдасын да айттық. Қысқасы, әдеттегідей қызық санымызды ұсынамыз! Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер!

💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!

Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.


Бізге жазылыңыз! ⁠Instagram⁠ ⁠Telegram


Jun 07, 202321:56
Есейеміз: "мама, мен сиқырға әлі сенгім келед"

Есейеміз: "мама, мен сиқырға әлі сенгім келед"

Кішкентайында "өскенде білесің" дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай жасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның бәрі түсініксіз болған. Бірақ қазір түсіндік.   Ересек өмірдің кемшіліктері мен артықшылықтарын талдап тастадық. Артықшылықтарын табу үшін біраз ойландық енді. Бірақ таптық. Сіздерді қағанаттандырар, қызықтырар, ал кейде еліктіріп әкететіндей эпизод шықты. Айтпақшы, әдеттегідей шынайы әңгіме мен қызықты оқиғаға толы. Есею - өмір бойы жүретін процесс. Әр кезеңді өткен кезде адам қиналатыны, қиналып болған соң күлетіні мен сол кезеңге асығатыны жайлы білесіз бе? Біз осы ойды өрбіттік. Есею тек жас емес, ол тәжірибе мен өзіңді қайта таразылау, іздену, қабылдау әрі түсіну. Ересек өмірдегі жауапкершіліктің де жөні бөлек екенін ұмытпайық. Есеюге ынтық, сол процестен қиналып немесе бір кезеңді алқымдаған әр жанға қызық болар санымызды қабыл алыңыз. Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз. Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер! 💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын. Бізге жазылыңыз! ⁠Instagram⁠ ⁠Telegram


May 23, 202328:29
Өлімді қабылдаймыз: "жаныңдамын"

Өлімді қабылдаймыз: "жаныңдамын"

Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы.


Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды қалай қолдай аламыз? Жалпы, қолдау керек пе өзі?

Адамға ең қатты әсер ететін эмоциялардың бірі - қайғы. Жақынын жоғалтқан адамның өмірі қалай өзгеріп, нендей қажеттіліктері болатыны жайлы талқылап, талдап, пайдалы кеңестерді дайындап қойдық.

Біз бұл құбылысты қабылдау жайлы сөйлесіп, сарапшымен ақылдасып шықтық. Өзінің көмегін көрсеткен Асель Садуға алғыс білдіреміз. Тақырып ауыр болған соң әуелі психологпен сөйлесіп, содан кейін өзіміздің бағамызды бердік. Сол себепті бұл сан әдеттегіден өзгеше.


Өлім өмірдің соңы ма? Бәлкім бөлігі шығар? Мұны қалай қабылдаймыз? Ал қабылдау деген не?

Дастан мен Заңғардың жылы әрі жайлы әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Түсінігіңіз кеңейетіні анық, себебі қайғырған адамның не сезіп, не ойлайтынын түсінесіз.


Тыңдаңыздар! Баға беріңіздер! Бөлісіңіздер! 💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын. Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

Apr 11, 202341:46
Эмоционалды қызмет етеміз: "Шабыт бер, қолда, көмектес"
Mar 14, 202324:17
Комплимент айтамыз: "әдемісің, әдемі. Сұлулықтың әлемі"

Комплимент айтамыз: "әдемісің, әдемі. Сұлулықтың әлемі"

Комплимент дегеннің не екенін білесіз бе? Харассмент деген не? Ал токсик комплимент ше? Бұлардың айырмашылықтары қандай? Адам адамды не үшін мақтайды? Біз осы жайлы сөйлестік, дауластық, бір ойға келмедік.

Адам адамды себепсіз мақтайды. Ал кейде арам оймен мақтайды. Біз осыны алға тартып комплимент тақырыбының түбін тестік. Дастан мен Заңғардың бастарынан өткен сәтті не сәтсіз комплимент айтылған жайттар өте көп екен. Қандай оқиға десеңіздер, тыңдап шығыңыздар!

Комплиментті қалай қабыл алу керек? Ал айтқанда нені ескерген жөн? Біреудің көңіліне тимей, шабыт берер, іш жылытар жылы сөздің сыры қандай? Осыншама сұрақтың бәрі бір жарты сағаттық эптзодымызда бар. Тыңдап, баға беріңіздер!

💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.

Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

Mar 01, 202329:38
Дұрыс сынаймыз: "Бұл да өнер"

Дұрыс сынаймыз: "Бұл да өнер"

Біз көп сын айтамыз әрі көп естиміз. Десе де кейде сын сындырып жатады. Түйменің жаңа маусымында бұл тақырыпты да таразылағымыз келді. 


Адамды дұрыс сынау, сындырмау, жандыру мен сын қабылдау қалай жүреді? Бұл санда сіздер жылататын сын мен жымитатын сын айырмашылығын біле аласыдар. Егер нақты көмек керек десеңіз, онда біздің формуламызды қолданыңыз. Қандай? тыңдаңыз. Дастан мен Заңғардың қызық әңгімелері мен пайдалы кеңестерінің жаңа легін қабыл алыңыздар! Құрметті Түйме тыңдарманы, біз оралдық! Күткеніңізге, адалдығыңызға рақмет! Біз қуат жинап, сағынып қайта келдік. Бұл санның сарыны басқа, вайбы бөлек! Сол үшін тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер! 

💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.

Бізге жазылыңыз! Instagram Telegram

Feb 18, 202322:51
Әдемі өсектейміз: "оның өзі де өнер"

Әдемі өсектейміз: "оның өзі де өнер"

Jan 31, 202332:03
Қыз бен жігіт қатынасы: “о, махаббат, қосу-алу”

Қыз бен жігіт қатынасы: “о, махаббат, қосу-алу”

Қыста тыңдармандарымызбен кездесіп керемет бір кеш жасағанбыз. Дастан да, Заңғар да біреумен жүріп қарық болмаған соң қонақтардан ақыл сұрадық. Бізге керемет оқыларын айтып, пікір бөліскен Мөлдір мен Диана ханымдарға рақмет! 


Бұл сан ұзағырақ, қызығырақ әрі ерекше. Қыз бен жігіт арасындағы шекралар қандай? Олар қашан жойылады? Үшінші тарап болуы шарт па? Менікі бітіп, оныкі басталатын жер қайда? Қатынасты қалай залалсыз үзуге болады? Махаббат деген не? Бір жарым сағат түйін мен күлкіге толы әңгімемізді естіңіздер! 

Қатынастағы құрбандықтар мен оның нәтижесі жайлы пайдалы әрі осы маусымдағы соңғы санымызға назар аударып, бір не бірнеше мәрте тыңдап шығыңыздар! 

Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз! 

💳4400 4301 4329 6355  

Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. 

Бар болғаныңызға рақмет! Instagram Telegram

Jul 14, 202201:21:20
Үрей шабуылын тоқтатамыз: “Терең дем ал, терең дем ал”

Үрей шабуылын тоқтатамыз: “Терең дем ал, терең дем ал”

Паническая атака деген сөзді естігенсіз бе? Үрей шабуылы, паникалық шабуыл - қалай атасақ та дүйім жұртқа түсініксіз ұғым. Түйменің осы санындк Заңғар мен Дастан бұл ұғымға анықтама беруге тырысты. Оның шығу себептері мен күресу жолдары жайлы көп сөйлесті. Арамызда ақыл айтар Маржан деген психолог та бар. 

Үрей мен үрей шабуылының айырмашылығы неде? Ол неден пайда болады? Паникалық шабуыл басталса, өзіңе әрі өзгеге қалай көмектесе аласың? Ес жиюға көмектесер жаттығулар не құралдар бар ма? Біздің үрей шабуылы жайлы санымызды тыңдап, бір түйін алып шығыңыз. Екі жүргізушінің өмірлі оқиғаларының өнімді сұлбасы осы эпизодта. 

Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз! 

💳4400 4301 4329 6355  

Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. 

Бар болғаныңызға рақмет! Instagram Telegram

Jul 01, 202222:43
«Менде депресняк»: Неге бұлай айтуға болмайды?

«Менде депресняк»: Неге бұлай айтуға болмайды?

Jun 09, 202232:30
Ескі жылды қорытындылаймыз: “жылама, жаным”
Dec 29, 202128:16
Тұлға ретінде дамиық: «Ойлана тұрайық кішкене»

Тұлға ретінде дамиық: «Ойлана тұрайық кішкене»

Даму жайлы көп естіген шығарсыз? Кешегіден мықтырақ болу үшін 1040 курстан өтіп, өзгеріс үшін таң шапағатын оқыған да шығарсыз. Дегенмен тұлғалық даму деген әдеттен кең ұғым.

Жаңа санымызда осы ұғымды саралаймыз. Күнделікті өзгерістер мен елілеп артқан түсінікті талдаймыз. Түйменің бұл санында тұлға ретінде дамуға көмектесер тәсілдер туралы біле аласыздар.

РефлЕксия, эмоционалды интеллект, адамдарды қабылдау деген не? Оның дұрыс жолдары бар ма? Абзалы қайсы?

Өнімді саралау мен іштегі қызғаныш, психолог жетегінде кеткен жандар үшін күйініш пен даму тренді жайлы тірі әңгімеге құлақ асыңыздар!

Түйменің жаңа санын тыңдауға асығыңыз! Тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер!

💳4400 4301 4329 6355

Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram


Nov 25, 202134:23
Қоғамға сіңісеміз: "Кел, танысайық"

Қоғамға сіңісеміз: "Кел, танысайық"

Жаңа ортаға сіңісу оңай ма? Үйреніп, бейімделу үшін не істеуге болады? Түйменің жаңа санында Заңғар мен Дастан әлеуметтену тақырыбын талқылады. Бұл санда не біле аласыздар? 🔹 Әлеуметтену деген не? 🔹 Оның қандай кезеңдері бар? 🔹 Ортаға тезірек бейімделу үшін не істеген жөн? 🔹 Small talk деген не? 🔹 Адамдармен қоштасу амалдары қандай? Біздің өміріміздегі қайта-қайта орнайтын процесс осы - адамдарға үйрену. Бір ортаға бауыр басқанда екіншісіне сіңу керек боп жатады. Оның үстіне әр жердегі кейпіміз де әртүрлі болады. Бұл санда оның қалыпты не қалыпсыз екендігін талдадық. Сіздерге қызық болар. Адамдар, олармен қатынас орнату мен оны үзу сынды заттарды білгіңіз келсе, тыңдаңыз. Ал біз қуанамыз.
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram
Nov 02, 202146:55
Отбасы қолдауын сеземіз: «бір Алла жар болсын!»

Отбасы қолдауын сеземіз: «бір Алла жар болсын!»

Бұл эпизод тым ерекше. Түйме жүргізушілері отбасы қолдауы жайлы пайымдап, рефлексия жасаған сан.

Жан жалаңаштаған соң шығарамыз ба, жоқ па деп ұзааақ ойландық. Түсінгендеріңіздей, сіздермен сыр бөлістік.

Өсе келе өмірімізге орасан зор ықпал еткен адамдар - отбасы екенін ұқтық. Сол отбасының қолдауы мен қолпаштауы жайлы сөйлестік.

Отбасы қолдауы неден басталады? Қалай орнап жатады? Түрлері бар ма? Өзі түрлене ме? Есейгенде қалай қабылдауға болады?

Әр адамның тәжірибесі де, өмірі де әртүрлі екені анық. Бұл санда Заңғар мен Дастан сол жолда түйген түйіндерін түймелеп шықты.

Жылы сөздер мен ыстық естеліктерге сүңгіп, өз өміріңізбен салыстырып өтерсіз. Бұл санда анық айтар бір ғана ой бар. Оны тыңдаған соң түсінерсіздер.

💳4400 4301 4329 6355

Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!

Instagram
Telegram
Oct 14, 202136:35
Жұрттың баласын анықтаймыз: “Көршінің баласын оны қашшан біліп алған”

Жұрттың баласын анықтаймыз: “Көршінің баласын оны қашшан біліп алған”

Кішкентай кезімізден бойымызға сіңіп қалған бір түсінік бар. Сол түсінікті талдауға тырыстық. Түйменің бұл санында жұрттың баласы кім/не екенін, оның пайдасы мен зияны не екенін біле аласыздар. Тек қызық зат айтайық. 

Бұл эпизодты жазу үшін Заңғар мен Дастан Алматы марафонына қатысып, жүгіріп шықты. Аяқты шаршатқан қадамнфң да мәні бар. Оны осы санды тыңдаған соң біле аласыз. Салыстыру мәдениеті, құнсыздандыру, бойға сіңген “жұрттың баласы” синдромы, одан арылу, оның жүгі мен өмірге ықпалы жайлы талқылаған терең эпизод шықты. Мектептен басталған “сәйгүліктер жарысының” салдары қандай? Ол пайдалы ма? Нендей залалы бар? Даму жолында көмектесе ме? Заңғар не үшін моншаға барудан қысылады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін тездетіп тыңдаңыздар! Ал Дастан мен Заңғарға сыйлық жасап, туған күнмен құттықтағыңыз келгсе, мына реквизит бойынша кез келген сома аудара аласыз!) 

💳4400 4301 4329 6355  

Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! 

Instagram Telegram

Sep 30, 202139:04
Туған күн тойлаймыз: «құтты болсын!»

Туған күн тойлаймыз: «құтты болсын!»

Жақында Түйме авторларының туған күні. Атаулы күн алдындағы уайым мен жайсыз күй, туған күндегі сезім мен одан кейінгі өмір - осы санның басты тақырыбы. 

Жаңа жасқа қатысты мақсат қойып, қорытынды жасау деген не? Ал туған күн иесіне бөлінетін назар ше?

Чаттағы смс-тен шаршаған не түн ортасындағы қоңыраудан үрейленген адамдардың жаны тынышталатын өмірлі жайттар жайлы сөйлестік.

Жылына бір рет келер күннің қандай артықшылығы бар? Өмірлік еркелігіңізді көрсетер сәт осы ма? Туған күнде жасалатын нендей дәстүрлеріміз бар? Оның қуатқа қатысы қандай? 

Түйменің жаңа санында осы сауалдардың жауабы бар.

Ал Дастан мен Заңғарға сыйлық жасап, туған күнмен құттықтағыңыз келгсе, мына реквизит бойынша кез келген сома аудара аласыз!)

💳4400 4301 4329 6355 

Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.

Бар болғаныңызға рақмет!

Instagram

Telegram

Aug 19, 202133:41
Демалуды үйренеміз: “құрсын, өлдік қой”

Демалуды үйренеміз: “құрсын, өлдік қой”

Біз оралдық! Асыға күткен әр жан алдына сүрініп жүгіріп шықтық. Түйменің жаңа маусымда Заңғар мен Дастан көп сұрақтың жауабын іздемек. Соларлың алғашқысы - демалыс мәселесі.
Үш апта еңсеріп, рақаттанып демалып келдік. Күш қайнап жатыр. Ал енді сол күшті осы эпизодқа жұмсадық.
Демалыс деген не?
Оның пайдасы мен ережесі де бар ма? Тынығу үшін не істеген жөн? Ақпараттық детокс деген не?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын екінші маусымның алғашқы санында біле аласыз! Күлкі де аз емес. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бізге Айнель ханым (Oy-detox подкасты) көмек қолын созды. Ол кісі де өз кеңесін беретін санды өткізіп алмаңыз!
Айтпақшы, бұл санды бағалап, таратсаңыз, біздің үздік атануымызға көмектесе аласыз!
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Пысы. Бізді қолдаймын десеңіздер, ақпаратты төмендегі парақшалардан біле аласыздар.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram
Aug 05, 202135:03
Жұмыс жайында қалай сөйлес(пе)кен жөн?
Jul 02, 202124:16
Қалай әзілде(ме)ген дұрыс?

Қалай әзілде(ме)ген дұрыс?

Jun 21, 202114:01
Интим тақырыпты талқылаймыз: “сенде болды ма?”

Интим тақырыпты талқылаймыз: “сенде болды ма?”

Бұл табу тақырыпты талдайтынымыз әлдеқашан анықталған еді. Бірақ біз жыныстық қатынас емес, ол туралы ҚАЛАЙ, КІММЕН және ҚАЙ ЖАҒДАЙДА СӨЙЛЕСПЕУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫЗ. 

Бұл жыныстық сауат ашу емес, интим тақырыпты байыппен талқылау жайлы эпизод. 

Заңғар мен Дастан оқыған мектеп пен өскен ортасындағы қателер қандай? Не үшін Заңғар жыныстық қатынас тақырыбын талдамайды, әрі секс сөзін ұнатпайды? Дастан өз тәжірибесі жайлы өтірік алдағаны рас па? Ал бұл тақырыпты қозғаудағы жауапкершілік деген не?

Иә, бұны талдау мен талқылау ауыр болғаны анық. Бірақ біз көп пайдалы түйме шығарып, біраз заттың бетін аша алдық. Этикет пен сырласу арасындағы кішкентай шекараны асып-аспау жайлы сөйлескен санымызды тыңдаңыз! 

Біз қыз бен жігіт арасындағы қатынасты емес, ол қатынасты әңгіме ету жайлы көбірек сөйлестік. Туыстардың абырой төгуі мен бізден кішілердің денсаулығын сақтау амалдары жайлы да сөз еттік. Қысқасы, жасқанатын да, жасыратын да зат аз, сол үшін тездетіп тыңдап қойыңыз! Пікіріңізді қалдырып, өз қызық оқиғаңызбен бөлісіңіз!

Ал кеттік! 

Пысы. Сәлем жолдаған адамдар, сәлемімізді қабыл алдыңыз ба?

Instagram 

Telegram

Jun 10, 202127:43
Дұрыс кешірім сұраймыз: “Ренжісең, кешірім сұраймын”

Дұрыс кешірім сұраймыз: “Ренжісең, кешірім сұраймын”

Адам айтуын айтып алып, артынан кешірім сұрауы – аса жағымды зат емес.

Бірақ одан да күйдіретіні – адамның кешірімін міндетсінуі мен “көңіле тиер сөз тапсаң, кешір” дейтін сөздерін айтамыз. Ойлап қарасаң, түймедей зат. Бірақ неге жөні түзу емес кешірімнен кейін жеңілдік келмейді? Жөні түзу не қисығын қалай ажырата аламыз? Ашу үстінде айтылған сөз айыбын көтеру оңай ма?

Өткен эпизодтарда адам ренішті манипуляция үшін қолданатынын білдік. Дегенмен оны шынымен ренжітіп қойсақ, не істейміз? Айыпты мойындай салсақ жеткілікті ме?

Біз бұл санда біраз реніштің бетін ашып, шынайы кешірімнің мәніне көз салдық. Білгіңіз келсе, тартылыңыз. Заңғар Дастанды ел көзінше масқаралағаны бар екен. Дастан оны кешіре ме? Осы санда біле алатын қызық заттың бірі болсын.

Одан өзге кешірім сұрау мәдениеті, оның құрылымы мен шарттары жайлы біле аласыз. Реніштің артын шайып, сенімді қайтару жолдары жайлы да сөз етеміз. Қозғайтын тақырыптың бірі - аудитория алдындағы жауапкершілік. Еліміздегі блогерлердің кешірімі неге өтімсіз? Олар ауыр сөз артын дұрыс жамай ала ма?

Сұрақ көп, айтар зат та аз емес. Жарты сағат әңгіме артында көп кеңес пен дөп тиген сөздер жатыр.

Аааа, сосын! Біз мына санды тыңдаған адамдарды өз ренішімен бөлісуге шақырамыз! Сол үшін сырласуға асық болыңыз!

Instagram

Telegaram 

May 27, 202128:28
Манипуляторды әшкерелейміз: “Тух, сен көмектесем деп едің ғой”

Манипуляторды әшкерелейміз: “Тух, сен көмектесем деп едің ғой”

Туғанымыздан бастап манипуляция маңында жүреді екенбіз. Бірақ ол өзі не?

Мектепте ұстаздар мен ата-аналар біздің қалауымыздан тыс жақсы оқуымыз үшін манипуляция жасайды. Кейін мамандық таңдау және т.б. Бұл қатынам моделі ескірген сияқты, себебі ресурсыңды тауысып тастайды.

Бұл жолы Заңғар мен Дастан пікірі бір жерден шыққан жоқ. Араларындағы пікір келіспеушілігін түсіну үшін, оны шешу үшін осы эпизодты тыңдап қойыңыздар.

Осы санды тыңдап, мына сұрақтарға жауап таба аласыз:

• Манипуляция деген не?
• Кім манипуляция таныта алады?
• Дастан манипулятор екені рас па?
• Олар қандай әдістер қолданады?
• Манипуляцияны тоқтату амалдары қандай?

Түймедей заттар болса да, түйедей салдарлары бар. Осының ақ-қарасын бірге ажыратайық! Сау қатынастағы қоғам құрайық!

Instagram: tuime.podcast
Telegram: tuimepodcast
May 13, 202130:20
Тұтынушылық қарым-қатынас: “Не керек, бірден айтшы!”

Тұтынушылық қарым-қатынас: “Не керек, бірден айтшы!”

Біз күнделікті көп адаммен араласамыз. Тек олар хабарласқанда “қалың қалай?” дегеннен кейін не сұрарын күтіп отырамыз. Егер осындай үрей көп болса, онда сіз тұтунышылық қатынас нысанысыз. 


Ал оны енді қалай анықтаймыз? Ол қандай қатынаста болады? Жалпы, дұрыс нәрсе ме осы? Тура осындай майда әрі маңызды сұрақтардың көбіне жауап табуға тырыстық, талқыладық, талдадық.


Қарым-қатынасты реттеу ше? Ол да болады. Тек дұрыс істесек болды. 


Ата-ана, достар, жұбыңыз - бұл кісілердің бәрі тұтынушылық қатынас нысаны бола алады. Көп жағдайда соны танытушы адамдар да осы кісілер. Тек ол жаман ба? Ал жақсы кездері бола ма?


Қысқасы, айтар зат көп! Қызығы да біршама! Түймемен бір толқында болып, көп әңгіме тоқ етерін айтайық!



Біздің жаңа эпизодты тыңдап, осында пікір жазып қолдасаңыздар болады. Бізге ондай қолдау өтімді.


Қызық әңгіме айтып, қызықты жайттардан хабардар болу үшін біздің инстаграм мен телеграмға тіркеліңіз!


Пысы. Сіздің рұқсатыңызбен құшақтап жатырмыз!)


Instagram: tuime.podcast


Telegram: tuimepodcast

Apr 29, 202129:45
Дұрыс қолдаймыз: “сенің қолыңнан келеді”

Дұрыс қолдаймыз: “сенің қолыңнан келеді”

Түйменің аясында көп мәселелерді талдадық. Енді біз қолдау тақырыбын түйедей етпекшіміз. Күрсінгенде арқадан қаққан жөн бе? Әлде жылы сөздер айтып жас тыйған артық па? Қолдаймын деп қорламау амалдары қандай?

Әр адам қынжылғанда әртүрлі амалмен ес жиып жатады. Сол амалдар жайлы сөз еттік. Дұрыс әрекет пен орынды сөз - жақсы қолдау формуласы. Тек әрдайым емес. Ал неге олай екенін кезекті эпизодымызда біле аласыз.

Біздің жаңа эпизодты тыңдап, осында пікір жазып қолдасаңыздар болады. Бізге ондай қолдау өтімді.

Келешекте жақындарыңызды қолдай алу үшін өзіңізбен бірге қалам алып, қызық мысалдарды түртіп отырыңыз!

Қызық әңгіме айтып, қызықты жайттардан хабардар болу үшін біздің инстаграм мен телеграмға тіркеліңіз!

Пысы. Сіздің рұқсатыңызбен құшақтап жатырмыз!)
Instagam: tuime.podcast
Telegram: tuimepodcast
Apr 15, 202132:15
Эмоционалды күю: “өтірік сылтау айтпаш”

Эмоционалды күю: “өтірік сылтау айтпаш”

Түйменің үшінші эпизодында эмоционалды күю синдромы мен оның салдарлары туралы сөйлестік. Көбінің басынан өтетін, бірақ байқалмайтын күйдің маңызы не? Оның жұмыс өнімділігіне тигізетін әсері қандай? Көп дүниені тым асыра сілтемейміз бе?


Кейде тоқтаусыз жұмыстан құлазып, қуаныш сезбей кетеміз. Бұл дұрыс па? 


Өз тәжірибемізден бөлек күю себептері мен салдарларын, онымен күресу жолдары мен маңыздылығын да талдап алдық. 


Одан өзгенің бәрін білу үшін 30 минуттарыңызды қиып, кезекті эпизодты тыңдаңыздар!


Мына жерге пікір қалдырған адамның шекарасы бұзылмасын!)


Бірге түймелеу үшін байланыста болайық! 


@tuime.podcast инстаграм парақшамыз


@tuimepodcast телеграм-каналымыз

Apr 01, 202130:27
Құнсыздандырудан арыламыз: "Ой, осы-ақ па?!"

Құнсыздандырудан арыламыз: "Ой, осы-ақ па?!"

Бұл эпизодта көбімізге таныс, бірақ түсініксіз ұғымды талқыладық. Кемсіту, маңыздылығын жоққа шығару, құндылығын асыра сілтеу – осының бәрі құнсыздандырудың жарнақтары. Күнделікті өмірде "Уайымың осы ғана ма? Менікін айтсаш", "Онда тұрған ештеңе жоқ", "Мен сенің жасыңда деген тау қопарғам" деген сынды қызық қолдаулар мен орынсыз салыстырулардан шаршасаңыз, демек бұл эпизодты сіз үшін жаздық.

Әр сезімнің маңыздылығы жоғары. Оны сезіну мен сол күйден өту де солай. Құнсыздандыруды талдап, оны қалай қолдану керектігін білгіңіз келсе, құлағыңыз бізде болсын! Ой, назарыңыз!


Айтпақшы, бізбен бір толқында болыңыз!


@tuime.podcast инстаграм парақшамыз


@tuimepodcast телеграм-каналымыз

Mar 18, 202126:35
Жеке шекараны анықтаймыз: «Өзіңше болмаш!»

Жеке шекараны анықтаймыз: «Өзіңше болмаш!»

Түйменің алғашқы эпизодында «жеке шекара» туралы сөйлестік. Ол не? Оны қалай анықтайды? Біреудің шекарасына қалайша басып кірмеуге болады?


Бұл бөлімде Заңғар мен Дастан дәстүрлі қоғамдағы шекараның бар-жоғын анықтап, өз тәжірибелерін талқыға салды. Қанды ішкен жағдайлары мен қуантарлық жайттары туралы айтып, «шекараның» нендей (түйедей) затқа ұласуы мүмкін екенін болжап көрді. Әркімнің айтқысы келгені мен ойында жүргені осы эпизодта. Ас болсын!


Сосын кімде-кім дейді, бізге пікір қалдырып, тіркеліп, әлеужеліде тегтесе дейді, сол адам бақытты болады дейді-мыс!


@tuime.podcast инстаграм парақшамыз


@tuimepodcast телеграм-канал

Mar 04, 202129:39
Әзірге осыны тыңдай тұрыңыз)

Әзірге осыны тыңдай тұрыңыз)

Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын этика, дұрыс қарым-қатынас және қоғаммен байланыс сияқты майда заттарды талқылап, олардың ТҮЙЕДЕЙ салдарын болжап көреді. 

Бұл тақырыпты сарапшы ретінде талқылағымыз келмейді. Олай талқылайтын кәсіби біліміміз де жоқ. Біз тек – мейірімді, жайлы қоғамда өмір сүргісі келетін, қарапайым қазақы отбасыдан шыққан жігіттерміз. Сондықтан бұл сұрақтарды сол қарым-қатынас пен жағдайға өзі де араласып жүрген адам ретінде, күліп не жылап отырып талқылайтын боламыз

Эпизодтарымыз әр екі апта сайын шығатын болады. Қарап жүріңіздер, тыңдаңыздар!

Сіздің “иә! Айтпаш! Өмір ғой” деген пікіріңіз – біз үшін үлкен қуаныш 

Feb 13, 202101:45