Skip to main content
Available on
Castbox Logo
Google Podcasts Logo
Pocket Casts Logo
RadioPublic Logo
Spotify Logo
Currently playing episode

Кербез Егінбаева: Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

New AlashJan 25, 2021

00:00
21:29
Кербез Егінбаева: Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

Кербез Егінбаева: Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

Семейлік қоғам белсендісі Кербез Егінбаевамен сұхбат бүгінгі саяси-қоғамдық өмірге арналған. Саяси белсенділік, қоғамдағы енжарлық пен жастардың көзқарасы хақында. Сұхбатты Қанат Тілеуханұлы жүргізді. 

Jan 25, 202121:29
"Моргқа жыбырлаған баланы қалай апарасың?" - атыраулық дәрігерлердің әңгімесі

"Моргқа жыбырлаған баланы қалай апарасың?" - атыраулық дәрігерлердің әңгімесі

Атырауда "шақалақты тоңазатқышта салып өлтірді" деп айыпталған Атырау облыстық перзентханасының бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға, акушер Жамила Күлбатирова 15 жылға сотталды. Желіде кезекші акушер мен перзентхана бас директорының телефон әңгімесі тарап кетті. Онда дәрігерлер жыбырлап жатқан сәбиді тоңазатқышқа салуды талқылайды .

Jan 20, 202103:01
Бесжан Күмібектегі: Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

Бесжан Күмібектегі: Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

Сұхбат тәуелсіз бақылаушы, "Халық билігі" қоғамдық ұйымының мүшесі Бесжан Күмісбектегімен жасалды. Әңгіме мәжіліс және мәслихат сайлауы жөнінде өрбіді. Қонақ сайлау кезінде өзі көрген заңсыздықтар жөнінде әңгімелеп берді. 

Jan 11, 202123:14
Біз енді орыстар жазған тарихты оқымаймыз

Біз енді орыстар жазған тарихты оқымаймыз

"Алдыңғылардың әңгімесі" бағдарламасында қонақта - ҰҒА-ның академигі, ҚазҰУ-дың профессоры, тарихшы Берекет Кәрібаев.  Ғалыммен қазақ жеріндегі мемлекеттілік турасында, шекара жөнінде әңгіме қозғадық.  Мархабат!

Dec 30, 202036:24
Шалқар Нұрсейіт: Билік Ресейге жалтақтамай, өз халқына арқа сүйесін

Шалқар Нұрсейіт: Билік Ресейге жалтақтамай, өз халқына арқа сүйесін

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовпен сұхбат. Сұхбатта соңғы кезде қоғамда жиі талқыланған Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасы, Тұран одағы және алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлау хақында айтылады. Сондай-ақ 2020 жылы халықты әбігерге салған пандемия жайлы сөз болды. Сұхбатты журналист Қанат Тілеухан алды.

Dec 29, 202043:43
Бекет Момынқұл: Бауыржан - шовинистік жүйенің құрбаны

Бекет Момынқұл: Бауыржан - шовинистік жүйенің құрбаны

24 желтоқсан Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған күні. Мәскеу түбіндегі шайқаста көзсіз ерлік көрсетіп, Екінші Дүниежүзілік соғыстың қаһарманы болған Момышұлының тағдыр жолы өзгеше, соқпағы бөлек. Бұл сұхбатта Баукеңнің немере інісі Бекет Момынқұл атасының неге генерал шенін ала алмағанын, ерліктерін баяндайды.

Dec 24, 202001:02:06
Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

Ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы, саясаткер Дос Көшім бұл сұхбатында "Қазақстан жері Ресейдің сыйлығы" деп мәлімдеген ресейлік депутаттар мәлімдеемсіне қатысты және Путиндік реваншизм саясатына қатысты ойын айтады. Сондай-ақ, Қазақстандағы биылғы мәжіілс сайлауы және тәуелсіз бақылаушылар хақында пікір білдіреді. Сұхбатты алған журналист Қанат Тілеухан. 

Dec 23, 202046:58
Жұмабай Шаштайұлы: Қазір кекті террормен қайтарады

Жұмабай Шаштайұлы: Қазір кекті террормен қайтарады

Көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлы 70 жасқа толып отыр. Жұмабай Шаштайұлының әкесі Шаштай күйші Нұрғиса Тілендиевтің ұстазы. Тілендиевтің өмірінің соңында қасында болған Жұмабай Шаштайұлы композитор туралы естелігін айтады. Мерейтой қарсаңында жазушыдан сұхбат алдық. Өмірде араласқан адамдары туралы, кейіпкерлерінің қарым-қатынасы туралы жақсы әңгіме болды.

Oct 08, 202001:16:26
Хрусталь тауы (албан ертегісі)

Хрусталь тауы (албан ертегісі)

Албан халқының "Хрусталь тауы" атты ертегісін назарларыңызға ұсынамыз.

Ертегі 1992 жылы қазақ тіліне аударылған.

Аударған Ғалым ДОСКЕН;

Оқыған Алмас НҮСІП. 

Apr 07, 202013:43
Сый скрипка (швед ертегісі)

Сый скрипка (швед ертегісі)

Швед халқының ертегісі "Сый скрипка" да ізгілікті насихаттайды. Кедйей кемпір мен оның жалғыз ұлы қаншама жоқшылық көрсе де, қайырымдылық жасай алған адам түбінде мұратына жетіп, барлық қиындықты жеңіп шығады.

Ертегі 1992 жылы аударылған.

Аудармашы Ғалым ДОСКЕН;

Мәтінді оқыған Алмас НҮСІП. 

Apr 06, 202014:59
Көрден шыққан Рафтери (ирланд ертегісі)

Көрден шыққан Рафтери (ирланд ертегісі)

MALIM сайты ертегілер циклын жариялауды жалғастырады. 

Ирланд ертегісі "Көрден шыққан Рафтери" - өнер құдіретінің күштілігін көрсететін шығарма. Нағыз өнерге, нағыз махаббатқа қол жеткізген жанға ешқандай өмір сынақтары ауырлық туғызбайды. Аңыздық Рафтери бейнесі - скрипкасымен ертегіде өзінің орнын тапқан ертегіні назарларыңызға ұсынамыз. 

Ертегі қазақ тіліне 1992 жылы аударылған. 

Аударған Ғалым ДОСКЕН;

Оқыған Алмас НҮСІП.

Apr 05, 202013:45
Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

Malim.kz сайты "Өлеңші Томас" атты шотланд халқының ертегісін ұсынады. 

Ертегі 1992 жылы қазақ тіліне аударылған. 

Аударған Ғалым ДОСКЕН;

Мәтінді оқыған Алмас НҮСІП.

Apr 03, 202019:44
Шыншыл Свэн (дат ертегісі)

Шыншыл Свэн (дат ертегісі)

"Шыншыл Свэн" атты дат халқының ертегісі - шындық пен ақиқаттың бәрінен биік екенін әңгімелейді. Басына өлім жазасы төніп тұрғанда да шындықты жасырмаған Свэн атты кедей жігіттің король қызына қалай үйленетінін білгіңіз келсе, ертегіні тыңдаңыз.

Аударған Ғалым ДОСКЕН 

Мәтінді оқыған Алмас НҮСІП

Apr 02, 202014:29
Тышқан - ханша (француз ертегісі)

Тышқан - ханша (француз ертегісі)

"Тышқан - ханша" - француздың халық ертегілерінің бірі. Басты идеясы - қашан да шындық пен әділдік зұлымдықты жеңеді деген ұстанымда. Сиқырдың күшімен тышқанға айналып кеткен ханшаның ақылдылығы мен табандылығы оны ғана емес, ханзаданы да бақытқа жеткізеді.

Ертегіні 1992 жылы Ғалым ДОСКЕН қазақшаға аударған.  

Тексті оқыған Алмас НҮСІП.

Apr 01, 202014:17
Джоан мен ақсақ қаз бағушы (ағылшын ертегісі)

Джоан мен ақсақ қаз бағушы (ағылшын ертегісі)

MALIM.KZ сайтының аудиоподкастқа негізделген ертегілер циклы жалғасады. 

"Джоан мен ақсақ қаз бағушы" - ағылшын ертегісі. 1992 жылы Ғалым ДОСКЕН аударған. 

Ертегінің басты идеясы - қандай қиындық көрсең де жақсылықтан үміт үзбе дегенге негізделеді.

Тексті оқыған Алмас НҮСІП.

Mar 31, 202013:60
Кестеші қыз (грек ертегісі)

Кестеші қыз (грек ертегісі)

"Кестеші қыз" - грек халқының ертегісі. 1992 жылы Ғалым ДОСКЕН аударған.  

Ертегі Манолис атты скрипкашы бозбаланың басынан өткен ғажайып оқиғаны әңгімелейді.  Ертегінің мазмұны байлық пен тақ үшін жасалған жамандықтар түбі жазаланады, әділдік үшін күрес қашан да жеңіске жетеді деген идеяға негізделген.

Тексті оқыған Алмас НҮСІП. 

Mar 30, 202013:37
Бақыт ұстасы (латыш ертегісі)

Бақыт ұстасы (латыш ертегісі)

Латыш халқының "Бақыт ұстасы" атты ертегісі бақытты болуға әр адамның құқығы бар екенін және әр адам тәуелсіз болуы керек деген ой айтады. Ертегі өте қысқа, 3 минут ішінде тыңдап шығуға болады.

Ертегі Malim.kz сайтының редакциясында дайындалды.

Аударған Қарлығаш ӘУБӘКІР;

Оқыған Алмас НҮСІП.

Mar 28, 202002:48
Сиқырлы сылдырмақ

Сиқырлы сылдырмақ

Сиқырлы сылдырмақ

(азиялық эскимостар ертегісі)

Аударған Ғалым ДОСКЕН
Мәтінді оқыған Алмас НҮСІП 

Mar 27, 202007:22
Қос шебер мен зерделі келін (Ингуш ертегісі)

Қос шебер мен зерделі келін (Ингуш ертегісі)

Аударған Ғалым ДОСКЕН. Мәтінді оқыған Алмас НҮСІП

Mar 26, 202006:08
Алтын сырнай (адыгей ертегісі)

Алтын сырнай (адыгей ертегісі)

Бұл аудиоподкастты балалар мен ата-аналарға арнап шығардық. Балаларыңызды тәрбиелеудің басын ертегіден бастаңыздар. Әсіресе, осы карантин кезінде ертегілерді бірге оқып, бірге тыңдап, бірге талқылайық. Уақытты тиімді өткізейік.

Ертегіні оқыған Алмас НҮСІП. 

Mar 25, 202011:48
"Алдыңғылардың әңгімесі". Бекен Исабаев: Қариялардың қойнында өстім

"Алдыңғылардың әңгімесі". Бекен Исабаев: Қариялардың қойнында өстім

Бекен Исабаев ­– ел шежіресіне қанық. Абай төңірегіндегі ел аузындағы әңгімелерді бұл кісінің аузынан естудің өз ғанибеті бар. Кішкентай күнінен Абайдың көзін көрген қариялардың, ақынмен замандас болған бай-бағлан, би-шешендердің үрім-бұтағының сөздерін естіп өскен Бекен Исабаев құймақұлақтығымен ерекшеленген. Тіпті, кей кісілер бала Бекен үйге кіріп келгенде, айтып отырған әңгімелерін сап тыяды екен. Себебі Бекен бір естіген сөзін ұмытпайды. Ол қасиетін ел адамдары да жақсы білген.

Белгілі журналист Қасым Аманжол түсірген «Анық Абай» деректі сериалынан көпшілікке жақсы таныс қария, көп жерге шығып, сұхбат та бере бермейді. Одан бері де 15 жылдай уақыт өтіпті. Биыл тамыз айында «Әдеби өлкетану» жобасымен Семей топырағына сапар жасап, ақсақалдың әңгімесін тыңдадық. Екінші рет қайыра барып, видео таспаға түсірген едік. Алдағы жылы тоқсанға толғалы отырған қарттың жады бұрынғыша сайрап тұр. Тек кәрілік жеңген. Ұзақ әңгіме айтса, ентігіп, алқынып қалады. Біз барғанымызда көңілімізге қарап, кеңдік көрсеткен. Кісілігіне разымыз.

Сол жолғы еңбегімізді бүгін назарларыңызға «Алдыңғылардың әңгімесі» ретінде ұсынудың реті келіпті. Бекен ақсақал Абай туралы сөздерге қалай тап болғанын баяндайды. Ыбырайша, Шәкір, Майра сияқты қарттардың сөздерінен естігенін айтады. Абайдың жеке басының, отбасының, төңірегінің қызықты әңгімелері бар. Абай өлеңдерін жатқа оқиды. Оны арнайы жаттамаған екен. Өмір өзі жүре жаттатыпты. Абай ұрпақтарының тағдыры да сөз болады. Ақылбайдың әнін айтады. Шәкірдің жырын оқиды. Қазыналы қарттың құнарлы әңгімесін тыңдауға сіз де ерінбеңіз.

Сөйлеудің қазақы мәдениетін сақтаған қария аман болсын.  Әңгіменің видеонұсқасын көру үшін «Жас Алаш» газетінің youtube арнасына өтіңіз.

Nov 20, 201943:26
Олардың бәрі Мәскеудің итаршылары

Олардың бәрі Мәскеудің итаршылары

Назарларыңызға «Жас Алаштың» жаңа жобасы «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасының аудио нұсқасын ұсынып отырмыз.

Эфирдің кезекті қонағы – саясаткер, диссидент, композитор Хасен Қожахмет. Саясаткермен болған әңгімеден Қазақстанның қазіргі саяси ахуалы, бұдан бұрынғы ішкі тартыстар, экс президент Н.Назарбаевқа қатысты өзіндік пікір айтады.

Сұхбат, сонымен қатар, Қазақстанның, қазақ ұлтының болашағы қандай болады, т.б. сұрақтарға жауап іздейді. Сұхбаттың видеонұсқасын «Жас Алаш» YouTube арнасынан көре аласыз.

Сұхбатты жүргізген Қанат ТІЛЕУХАН.

Nov 07, 201927:21
Жанболат МАМАЙ: "Нұр Отанды" тас-талқан етіп жеңеміз!

Жанболат МАМАЙ: "Нұр Отанды" тас-талқан етіп жеңеміз!

"Жас Алаштың" аудиподкастының кезекті шығарылымында қоғам қайраткері, журналист-диссидент Жанболат МАМАЙМЕН болған сұхбатты жариялап отырмыз. Сұхбатты жүргізген журналист Қанат ТІЛЕУХАН.

2019 жылдың 16 қазан күні Жанболат Мамай, Төлеген ЖҮКЕЕВ және Сергей ДУВАНОВ жаңа саяси ұйым құратындарын мәлімдеді. Сұхбат осы төңірегінде және жас саясаткерді тану тұрғысында жасалды.

«Саясаткер Төлеген Тілекұлы мен құқық қорғаушы Сергей Дуванов бізге кеңестерін беріп отырады. Партия жастардікі болады. Қазір көптеген жастармен кездесіп жатырмыз. Қолдаушылар саны көп. «Нұр Отанды» тас-талқан етіп жеңетін партия құрамыз», - деді Жанболат Мамай.

Сондай-ақ, сұхбат барысында қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ жайлы айтылды. Халық жазушысы Мұхтар ШАХАНОВПЕН арасындағы қарым-қатынас та сөз болды.

«Алғаш саяси-қоғамдық өмірге М.Шаханов атындағы «Рух пен тіл» клубын құрып араласа бастадық. Біраз қоғамдық жұмыстарды бірге атқардық. Бірақ ол кісі кейіннен саяси процесстерден алыстап кетті. Сондықтан да біз өз жолымызбен кеттік», - деді Ж.Мамай.

Сұхбаттың видео нұсқасын Youtube.com-дағы "Жас Алаш" арнасынан көрсеңіз болады.

Oct 21, 201934:25
Неге шенеуніктер соңғы уақытта әлеуметтік масылдық туралы жиі айта бастады?

Неге шенеуніктер соңғы уақытта әлеуметтік масылдық туралы жиі айта бастады?

Неге шенеуніктер соңғы уақытта әлеуметтік масылдық туралы жиі айта бастады?

Aug 29, 201902:24
Бауыржан Байбек елдің есінде несімен қалды?

Бауыржан Байбек елдің есінде несімен қалды?

Сонымен, Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті. Орнына Бақытжан Сағынтаев келді. Бауыржан Байбек бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарған. 4 жыл ішінде Байбек алматылықтардың есінде несімен қалды? Жұрттың сөзін тыңдап көрейік. 

Jun 29, 201902:07
Тоқаевтың жеңісі жайлы жұрт не дейді?

Тоқаевтың жеңісі жайлы жұрт не дейді?

Экзит-пол нәтижесі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті. Тоқаевтың жеңісі жайлы халық не дейді? Бұл туралы жұрттың пікірін сұрап білдік. 

Авторы: Асмира Ермекқызы

Jun 10, 201902:40
Жұрттың сөзі: Президент сайлауы әділ өте ме?

Жұрттың сөзі: Президент сайлауы әділ өте ме?

9-сәуірде Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ халыққа үндеу жасап, биыл, 9-маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол өз сөзінде бұл шешімге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН ақылдасып барып келгенін айтады:

«Бұл шешімді қабылдар алдында Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫМЕН кеңестім. Конституциялық кеңес, парламент спикерлері, үкімет басшыларымен кездестім. Саяси партия басшыларын да қабылдадым. Президенттік сайлаудың таза, әділ әрі ашық өтуіне кепілдік беремін», - деді Тоқаев. 

Сайлау шындығында әділ өте ме? 

«Жас Алаштың» аудиоподкастқа негізделген «Жұрттың сөзі» хабары бүгін осы мәселеге арналады. Жұрт не дейді, тыңдай отырыңыз.

Хабарды дайындаған Асмира ЕРМЕКҚЫЗЫ

Apr 10, 201903:24
Такси жүргізушілері: Үкімет былшылдамасын!

Такси жүргізушілері: Үкімет былшылдамасын!

  

Елімізде 1-сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттелді. Мұндай бұйрықты Қаржы министрлігі бекітті.

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа заң жобасы 1 сәуірден бастап күшіне енді.

Zhasalash.kz-тің "Жұрттың сөзі" аудиохабары бүгінгі шығарылымда осы тақырыпты сөз етеді.

Тыңдай отырыңыз, жаңа заңға қатысты такси жүргізушілері не дейді?

Apr 02, 201904:00
Қазақ билігі Қытайдан қарыз алуға неге құмар?

Қазақ билігі Қытайдан қарыз алуға неге құмар?

«Жас Алаштың» «Жұрттың сөзі» хабарының бүгінгі тақырыбы Қазақ билігінің Қытайдан алып жатқан қарызы жайлы болмақ. 

Үкімет шекара бекеттерін нығайтуға Қытайдан 112 млрд. теңге көлемінде тағы да қарыз алды. Қаржы министрі Әлихан смайыловтың айтуынша, бұл қарызды Қазақстан 20 жылда төлеп бітеді екен. 

Жұмысын қарыз алумен бастаған жаңа үкіметке деген елдің пікірі қандай? Қарапайым халық не дейді? «Жұрттың сөзіне» тыңдап көріңіз.

Хабарды дайындаған Асмира ЕРМЕКҚЫЗЫ

Mar 11, 201902:07
Қызметкерлерді аналар үйінен аламын

Қызметкерлерді аналар үйінен аламын

Ол  қазақстандықтар шетелден киім алуды тоқтату керек деп есептейді. Оның ойынша киім өндіруге өз мүмкіндігіміз де жетеді екен. Қазір бизнес ханымда тігін цехы бар. Тігіншілікке «Аналар үйіндегі» жас аналарды алады.

Гүлшарат ЖҰБАЕВА «Азат ойға » берген сұхбатында: «Жас аналар алаңсыз киім тігуі үшін балаларға қарайтын күтуші аламын және балалы анаға арналған арнайы жатақхана салып жатырмын. Себебі ананы баламен ешкім де жұмысқа алмайды. Балалар үйінен шыққан аналардың болашағы бұлыңғыр. Аналар үйі оларды бір жыл ғана қамтамасыз етеді», деген еді. 

Дамыған заманда тігінші болу, бизнес жүргізу қиын емес екен. Ғаламтордағы арнайы сайттар киімді пішіп, эскизін дайындап береді. Аласыз да, тігін машинасына отырып тіге бересіз. 

Сұхбаттың толық нұсқасын подкастан тыңдаңыз.

Mar 04, 201911:58
 Сіз кімге алғыс айтасыз?

Сіз кімге алғыс айтасыз?

Назарларыңызға «Жас Алаштың» аудиоподкастқа негізделген «Жұрттың сөзі» хабарын ұсынамыз.

2016 жылдан бері қарай әр жыл сайын 1-наурыз күні аталып өтіп келе жатқан «Алғыс айту күні» қарапйым адамдар кімге алғыс айтады? Алғыс айту мерекесінің негізгі мәні Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға, Қазақ еліне алғыс айтуына негізделген. Қазақстан халықтары арасындағы татулық пен бірлікті көрсетуге тиіс мереке қазір қай деңгейде?

«Жас Алаш» ел пікірін білу үшін «Жұрттың сөзін» осы сауалнамаға арнаған. 

Хабарды дайындаған Асмира Ермекқызы. 

Mar 01, 201901:46
Мұқан Исахан: Исматуллашыларға түк қатысым жоқ

Мұқан Исахан: Исматуллашыларға түк қатысым жоқ

«Жас алаш» аудиоподкастының бүгінгі шығарылымында «Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді?» атты топтама мақалада аты аталған дінтанушы Мұқан ИСАХАННЫҢ жауабы ұсынылады.

Жауап мақаланың авторы аталмын топтамаға қатысты «кейбір мәселелер нақты дәйекпен емес, құр жорамалмен өріліп, журналистік ысқаяқтыққа салынып жазылыпты. Соның бірі жоғарыдағы мақаладағы: «Досай Кенжетай, Мұқан Исахан, Зікірия Жандарбек сияқты дінтанушылар исматулла тариқаты ұстанып отырған Ясауи ілімінің қазаққа ауадай қажет екенін талмай айтып, екпінді уағызды күшейтті» деген жолдар еді. Мамандығым дінтанушы болғандықтан әрі менің атым аталғандықтан, оқырман қауымға осы тұстағы күлдібадам жазыла салған, күлмәні көп ақпараттың ақиқатын айтып беруді жөн санап отырмын», - дейді. 

Мақалада тариқат деген атауды иемдену үшін дінбасыға қойылатын талаптар, зікіршілердің рухани жетекшісі керек кезде рұқсатнамасының бар екенін дәлелдей алмағаны (1:36); Зікіршілер немесе Исматуллашылардың Яссауи ілімімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, Исматулланың кім екені (2:45); Яссауи ілімі мен қадари тариқатының арасындағы қайшылықтар (3:40); өзінің зікіршілермен қарым-қатынасы (4:33), т.б. мәселелер сөз болады.

Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді!

Тесті оқыған Алмас НҮСІП.

Feb 26, 201909:59
Асқар Маминнің үкіметінен не күтесіз?

Асқар Маминнің үкіметінен не күтесіз?

Latest episode of Zhas Alash
Feb 25, 201902:10
Жұрттың сөзі: Сағынтаев елдің есінде несімен қалды?

Жұрттың сөзі: Сағынтаев елдің есінде несімен қалды?

"Жас Алаштың" аудиоподкастқа негізделген "Жұрттың сөзі" хабары.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың үкіметін отставкаға кетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына ұшырап, бұған дейін "қорқақсыңдар" деген сөз естіген Сағынтаев ешқандай қарсылық көрсетпеді. Бар болғаны екі жарым жыл бойы сенім білдірді деп президентке зор алғыс білдірді.  

"Жұрттың сөзі" осы отставкаға қарсы қарапайым азаматтардың пікірін сұрап білді. Жұрттың басым бөлігі кім келсе де ешқандай өзгеріс болмайды деген пікірде. 

Толығырақ "Жас Алаштың" аудиоподкастынан тыңдай аласыздар.

Feb 23, 201903:57
Жұрттың сөзі: Лениннің туған күнін тойлау керек пе?

Жұрттың сөзі: Лениннің туған күнін тойлау керек пе?

«Жас Алаштың» подкастқа негізделген тағы бір хабары сайт қолданушыларына жол тартты. Бүгіннен бастап «Жұрттың сөзі» деп аталатын хабардың аудионұсқасын тыңдай аласыздар. 

Хабардың мәні – қарапайым халықтың қоғамдағы маңызды оқиғаларға деген көзқарасы мен пікіріне негізделген. Жұрттың сөзін қаз-қалпында ұсынып, жалпы елдің ортақ немесе қарама-қайшы пікірлері арқылы қоғамдағы әрбір оқиғаға, билік пен үкімет сияқты құзырлы органдар шығарған әрбір шешімге, белсенділер сияқты қоғамдық ұйымдар көтерген әрбір проблемаларға баға беруге тырысамыз.

Хабардың алғашқы шығарылымы – «Лениннің туған күнін тойлау керек пе?» деген сұраққа негізделген. Әрине, пікір әр қилы. Бірі керегі жоқ дейді, бірі оның тарихи тұлға, данышпан адам екенін ескеріп, атап өтуге болатынын айтады. 

Толығырақ «Жас Алаштың» төмендегі аудиоподкастында.

Хабарды дайындаған Асмира ЕРМЕКҚЫЗЫ

Feb 22, 201905:16
Азат ой: АҚШ-та ғалымдарға сұхбат берген үшін де ақша төлейді

Азат ой: АҚШ-та ғалымдарға сұхбат берген үшін де ақша төлейді

"Жас Алаштың" "Азат ой" хабарының бүгінгі шығарылымында ғарыштық держава болуды мақсат тұтатын Қазақстан ғылымға қанша қаражат бөледі; интеллектуалды дәуірде өнері мен ғылымы кенжелеген ел неден ұтылады деген сұрақтар талқыланады. 

Айталық, ұлттың жалпы ішік өнімін ғылымға бөлетін елдің көшін Израиль - 4,25 % -бен бастап тұр. Оңтүстік Корея- 4, 24%,  Жапония -3,6%, Швеция-3,2%, АҚШ- 2,74%, Германия -2,9%, Қытай -2,12%, Ресей -1,1%. Ал  Қазақстанда бар болғаны 0,2%. Филология ғылымдарының докторы, ҚазҰПУ-нің профессоры, жазушы Серік АСЫЛБЕКҰЛЫ инеллектуалды адамның ахуалы жайында айтты.

Feb 21, 201904:56
Қазақстандағы діни идеологиялардың халықаралық байланысы (жалғасы)

Қазақстандағы діни идеологиялардың халықаралық байланысы (жалғасы)

«Жас алаш» аудиоподкастының өткен шығарылымында Қазақстандағы сопылық ағымның күйреуі жайлы сөз болған. Бүгін еліміздегі діни ағымдардың халықаралық байланысы жайында айтылады.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ зерттеу еңбегінің бүгінгі бөлімінде ағымдардың пайда болуы, оның ішінде суфизм, сәләфизм, шиизм сияқты діни идеологиялардың қандай мақсатта құрылғаны (0:29); кейбір ағымдардың әлі күнге ашық қудаланбай жатуына халықаралық саясаттың ықпалы (2:11); олардың арасындағы тартыстар мен жаулық мүдделер (3:50); Қазақстандағы діни ағымдардың халықаралық байланыстары (4:59); шииттер мен сопылардың ұқсастықтары; 362 әулие аңызының шығу тарихы (13:15); Қожа Қазақстандағы әулиелік наным-сенімдердің түп төркіні (14:50), Ахмет Ясауи мен оның кесенесіне қатысты аңыздардың шығу тарихы (24:43), т.б. мәселелер сөз болады.

Иран Ислам республикасы, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Қытай сияқты елдердің Қазақстандағы діни идеологияларға әсері де осы соңғы бөлімде айтылады.

Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді!

Тексті оқыған Алмас НҮСІП

Feb 20, 201913:22
Қазақстандағы діни идеологиялардың халықаралық байланысы

Қазақстандағы діни идеологиялардың халықаралық байланысы

«Жас алаш» аудиоподкастының өткен шығарылымында Қазақстандағы сопылық ағымның күйреуі жайлы сөз болған. Бүгін еліміздегі діни ағымдардың халықаралық байланысы жайында айтылады.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ зерттеу еңбегінің бүгінгі бөлімінде ағымдардың пайда болуы, оның ішінде суфизм, сәләфизм, шиизм сияқты діни идеологиялардың қандай мақсатта құрылғаны (0:29); кейбір ағымдардың әлі күнге ашық қудаланбай жатуына халықаралық саясаттың ықпалы (2:11); олардың арасындағы тартыстар мен жаулық мүдделер (3:50); Қазақстандағы діни ағымдардың халықаралық байланыстары (4:59); шииттер мен сопылардың ұқсастықтары; 362 әулие аңызының шығу тарихы (13:15); Қожа Қазақстандағы әулиелік наным-сенімдердің түп төркіні (14:50), Ахмет Ясауи мен оның кесенесіне қатысты аңыздардың шығу тарихы (24:43), т.б. мәселелер сөз болады.

Иран Ислам республикасы, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Қытай сияқты елдердің Қазақстандағы діни идеологияларға әсері де осы соңғы бөлімде айтылады.

Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді!

Тексті оқыған Алмас НҮСІП

Feb 20, 201914:40
Қазақстандағы сопылық ағымның күйреуі

Қазақстандағы сопылық ағымның күйреуі

«Жас алаштың» аудиоподкастының өткен шығарылымында Исматулла тариқатының ҚМДБ-мен және өзге де діни ағымдармен арақатынасы жайлы айтылған. 

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ зерттеу еңбегінің бүгінгі бөлімінде Исматулла бастаған сопылық ағымның күйреуі туралы айтылады. 

Сопылық ағымды ашық насихаттап жүрген журналистер мен шенеуніктердің, зиялы қауым өкілдерінің Исматулла тақсырдың өрісі тарыла бастаған кездегі әрекеттері (0:30); Исматулла тариқатын әлсіреткен антизікіршілердің өз арасында түсініспеушіліктер туып, олардың да ауызбіршіліктен айрыла бастауы (1:57); ҚМДБ ішіндегі билікке талас (2:15); Құраншылардың ықпалын күшейтуге тырысуы, олардың өз арасындағы пікір қайшылықтарының тууы (3:20); Кейбір билік өкілдерінің өз бақталастарын Исматуллаға қатысы бар деп айыптап, ығыстыруға тырысушылығы (6:15); Сопылық ағым өкілдерінің ұсталып, соттала бастауы (7:22); «Сопылар ісі» кезіндегі айыптаулар (8:15); Асылбек Мусин мен Нарымбай Разбекқажыұлының мезгілсіз қазасы; сәләфилік ағымның әлсіреуі, олардың иедясын насихаттаушы интернет ресурстарының жабылуы, т.б. мәселелер сөз болады.

Мақалада Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков, Әбдіғаппар Сманов, Дарын Мүбаров, Қайрат Жолдыбай, Аслан Мусин, Иманғали Тасмағамбетов, Ермұхамбет Ертісбаев, Геннадий Бендицкий, Мұрат Есжан, Санжар Керімбай сияқты елге белгілі діндарлар мен шенеушіктер, журналистердің аты аталады. 

Сол кездегі болжамдар мен кейінгі зерттеулер көрсеткен ақпараттардың ара жігін ажыратуға тырысқан автордың ойын білгіңіз келсе, аудиподкастқа құлақ түріңіз. 

Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді!

Тексті оқыған Алмас НҮСІП

Feb 19, 201918:27
Исматулла тариқатының қоғамды шырмауы

Исматулла тариқатының қоғамды шырмауы

 «Жас алаш» аудиоподкастының өткен шығарылымында Исматулла Әбдіғаппардың Қазақстанға жасаған екінші жорығы жайлы айтылған болатын. 

Бүгінгі бөлімде ҚМДБ мен Исматулла тариқаты арасындағы тартыстардың жалғасуы, Исматулла тақсырдың мүфтиятқа ықпалын күшейту жолында қандай қадамдарға барғаны жөнінде біле аласыздар.  

Тұрарбек Құсайыновтың «Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді» зерттеу еңбегінің бұл бөлімінде «зікіршілер» мен өзге діни ағым өкілдері арасындағы тартыстардың қалай басталғаны, өзге ағымдардың бір-біріне деген көзқарасы (1:40); Исматулла тариқаты мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының байланысы (2:10); «КТК», «31 арна» сияқты телеарналар «Қазақстан» телерадиокорпорациясы арасындағы кикілжің (7:42); Қоғамды кеңінен жайлап бара жатқан сопылық ағымға берілген алғашқы жойқын соққы жайында (8:44) айтылады. 

Мақалада Асылбек Мусин, Бекболат Тілеухан, Мұртаза Бұлұтай, Құлмұхаммед Махамбет, Қайрат Жолдыбай сияқты дін төңірегінде жиі аталатын тұлғалар мен қатар Қайрат Сатыбалды, Дархан Қалетаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ермұхамбет Ертісбаев сияқты шенеуніктердің аты аталады.

Сол кездегі болжамдар мен кейінгі зерттеулер көрсеткен ақпараттардың ара жігін ажыратуға тырысқан автордың ойын білгіңіз келсе, аудиподкастқа құлақ түріңіз. 

Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді.

Feb 18, 201916:01
Исматулланың Қазақстанға жасаған екінші жорығы

Исматулланың Қазақстанға жасаған екінші жорығы

«Жас Алаш» жақында ғана қолған аудиоподкастының өткен шығарылымында Исматулла Әбдіғаппардың алғаш Қазақстанға келуі, алғашқы шәкірттер тәрбиелей бастаған шағы және ақырында ІІМ тарапынан қудалауға ұшырап, ақыры шетелге қашып кететіні жайлы айтылған. 

Материалдың бас жағында Исматулла Әбдіғаппардың елден қашып кеткеннен кейін де Қазақстанға келіп-кетіп жүргені, оған белгілі бір лауазымды тұлғалар тарапынан қолдау, кһмек көрсетілгені, оның жасырын жолдармен емес, ұшақпен, заңды түрде келіп жүргені себеп. 

ҚМДБ мен Исматулла тариқаты арасындағы тартыстар мен ұстанымдар (2:05), сол кездегі бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің елдегі діни ахуалды түгелдей бақылауға ұстауға қауқарсыз болғаны (2:40), діни басқарманың Исматулла тариқатына қатысты даулы мәселелерді көбіне құжат күйінде ғана сақтағаны болмаса, жария түрде жарыққа шығармағаны, журналистерге түсіндіріп айта алмағанының себебі (3:30) осы бөлімде айтылады. 

Сол кездегі болжамдар мен кейінгі зерттеулер көрсеткен ақпараттардың ара жігін ажыратуға тырысқан автордың ойын білгіңіз келсе, аудиподкастқа құлақ түріңіз. 

Feb 16, 201911:17
Исматулланың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы

Исматулланың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы

  Исматулланың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы

Аудиоподкастымыздың өткен шығарылымында Исматулла Әбдіғаппар келер қарсаңдағы Қазақстанның жалпы діни аһуалы жайлы айтылған болатын. Аудиоподкастымыздың бүгінгі шығарылымы – Исматулланың Қазақстанға жасаған алғашқы жорығы жайлы. 

Исматулла Әбдіғаппар Қазақстанға келе салып, Қарасудағы мешіттен медресе ашып, онда мүридтер тәрбиелей бастайды. Полиция жасағының медресені басып алуына себеп болған жағдай (0:33); Шілхана-медреседе күштеп ұстап отырған біраз адамның бостандық алуы (1:01); Бұдан кейін Исматулла тақсырдың азаматтық алмағандығы, сондықтан, қудалауға ұшырауы, белгісіз күштер арқылы Қазақстаннан қашып шығуға талпынуы жайлы (6:52) және діни-саяси тартыстардағы Исматулла тариқатының рөлі төңірегінде сөз болады.  

Исматулла жамағаты салатын жария зікірге деген өзге ағымдардың, ҚМДБ-ның, ІІМ-нің көзқарасы мен қатынасы да осы бөлімде айтылады.

Мақаланың жалғасында басы дауға қалып, шетелге қашып кеткен Исматулла Әбдіғаппардың Қазақстанға қайта оралуы жайлы айтылады. 

Feb 13, 201911:44
Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді? (жалғасы)

Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді? (жалғасы)

  

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ «Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді?» атты мақаласының жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. 

Автор бұл мақаласында Исматулланың Қазақстанға келудегі мақсаты немесе оны Қазақстанға әкелудегі мақсат төңірегінде сөз қозғайды. Исматулла өзін ізбасарымын деп атаған Ясауи ілімі жайлы, сондай-ақ, аз уақыттың ішінде соншама көп жамағат жинап алған сопылық ағымның елді өзіне ерту үшін қандай қадамдарғаны барғаны, нені пайдаланғаны айтылады (уақыты: 3 минут 07 секунд). 

Исматулланың Қазақстанға келгенге дейінгі өмірі, кімдермен байланыста болғаны туралы да біле аласыз (0:45).

Сонымен қатар, Исматулла Мақсұмның Қазақстанға келуіне тікелей себепкер болған кім екені, Исматулла діни уағызын қандай іспен бастағанына (1:20) да тоқталады.

Зиялы қауым өкілдерінің исматуллаға көптеп ілесуінің себебі де (4:09) осы мақалада айтылады...


Feb 13, 201908:14
Азат ой: Қазақтан шыққан тұңғыш модель

Азат ой: Қазақтан шыққан тұңғыш модель

  

Дүние жүзіне әйгілі дизайнер Кристиан ДИОРДЫҢ сән әлеміне келіп, бренд жасуының өзі бір тарих. Соғыстан соң, елдің еңсесін эстетика және әдемілік арқылы көтеру саясаты басталған еді. Бұл идея әлі күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ. Ал сол жылдары әйгілі дизайнердің шабытына қанат бітірген қазақтың қызы екенін білемісіз? Кристиан Диордың № 1 моделі болған Алла Елшін туралы Берлин ИРИШЕВ «Диордың музасы» деген кітап жазды. Автор 1996 жылдан бері Францияда тұрады. 2018 жылдың жазында Б.Иришев Леон ЗЕЙТЛАННЫҢ көрмесіне барады. Көрмедегі бір сурет оның назарына ілігеді. Себебі оның бет пішіні қазақтың қызына ұқсайтын еді. Портретті сатып алған автор одан ары қайрай ізденіс жасап, модельдің шынымен қазақ қызы екеніне көз жеткізеді. Архив құжаттарын ақтарады. Ұлымен кездеседі. Алла Елшіннің отбасы қазақ жерінен Қытайға өтсе керек. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алла Елшін Францияда партизан болған.Соғыс біткен соң, К. Диордың моделі болған. Ол- қазақтан шыққан тұңғыш модель.

Feb 13, 201907:39
Тұрарбек Құсайынов: Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді?

Тұрарбек Құсайынов: Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді?

  

"Жас Алаш" газет пен сайтқа шыққан таңдаулы мақалалардың аудионұсқасын жариялауды бастайды. Алғашқы аудиохабар – Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ «Қазақстанға Исматулла тақсыр қалай келді» мақаласына арналады. 

Тұрарбек Құсайыновты былтырғы жылы «Жас Алаш» газетіне шыққан «Мен қалай рухани жаңғырдым» топтама мақалаларынан кейін қалың оқырман жақсы таниды. Автор мақалаларында Қазақстандағы діни-саяси ахуалдар мен діни топтар арасындағы тартыстарды баяндайды. Мақаланың құндылығы сонда – автор өзі жазып отырған оқиғалардың куәгері және діни сауатты адам. 

«Мен қалай рухани жаңғырдым» мақалаларынан кейін автор қазір ел ішінде жиі айтылатын дін төңірегіндегі сөздердің түсініктемесі ретінде «Шырмауық» атты шағын кітап жазды. Қазақ қоғамы көбінде аңыз тектес болмаса алыпқашпа сөз ретінде айтатын, көп жағдайда үрейлі кепте әңгімелейтін діни ағымдардың ұстанымдары мен өзіндік ерекшеліктері, олардың түпкі мақсаты, саясатпен астасып жатқан кейбір әрекеттері төңірегінде толыққанды мағлұмат беруге тырысады. Діни идеологиялық күрестер мен олардың билікке ұмтылуы, қоғамда ықпалын арттыруға тырысу әрекеттері соңғы жылдары қаптап кеткен түрлі ағымдардың түпкі мақсатынан хабар береді.

Автордың ойы мен көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді. 

Feb 11, 201905:39
Азат ой: Ұлт ұғымының геокеңісітігі

Азат ой: Ұлт ұғымының геокеңісітігі

  

Тілдегі түсініктердің мағыналық қабаты әр тілде әрқандай . Ондай мысалды аудармашылар мыңдап келтірген болар еді. Ұлттық мүдде, ұлттық тұтастық, ұлт болып ұйысу, ұлттық мәселе деген тіркестер біздегі БАҚ-да жиі қозғалады. Ал, осы ұлт ұғымы әлемдік гео- кеңістікте қалай қарастырылады?  Бүгінгі «Азат ой» осы жөнінде болмақ. Микрофонды мәдениеттану ғылымының докторы, антрополог, ағылшын тілінің маманы, Тұран университетінің доценті Жұлдыз ЖҰМАШОВАҒА  ұсынғанбыз.

Feb 11, 201908:31
Азаматхан ӘМІРТАЙ, экономист: Қаржы саласы мафияға айналған

Азаматхан ӘМІРТАЙ, экономист: Қаржы саласы мафияға айналған

  

Назарларыңызға экономист Азаматхан ӘМІРХАНМЕН болған сұхбатты ұсынамыз. Сұхбатты жүргізген журналист Оралхан ДӘУІТ. Экономист елдегі экономикалық жағдайды, қаржы саласы мен орта және шағын бизнес хақында ой өрбітеді. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер сөз болды. 

Jan 27, 201952:20
Азат ой: Баланың білімі бизнеске айналды

Азат ой: Баланың білімі бизнеске айналды

  

Үштілділік мәселесін мінбердегілер жақсы талқылайды. Бағдарламаның дұрыс екеніне сендіреді. Ал, баламен тікелей жұмыс істеп отырған адамдардан осы мәселені сұрап, талқыға салып көрген адам бар ма? 

«Азатойдың» микрофонын біз балабақшадағы тәрбиешіге ұсындық. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «Үздік тәбиеші» номинациясын жеңіп алған, «Нұр бөбегі» балабақшасының тәрбиешісі Сандуғаш ТӨЛЕУБАЙҚЫЗЫ: «Баланың білімі бизнеске айналды» деп есептейді. Сонымен қатар, тәрбиеші ұрпақтардың есте сақтау қабілетінің нашарлап бара жатқанын байқапты. Ойыны қанбаған бала- өмірге дайын емес дейді маман.

Jan 24, 201917:17
Азат ой: Қазақстанда инсульт алғандарды оңалтатын робот жасалды

Азат ой: Қазақстанда инсульт алғандарды оңалтатын робот жасалды

  

Қазақстандық ғалымдар инсульт алған адамдарды оңалтуға арналған құрылғы ойлап тапты. Құрылғы ми сигналдары бойынша басқарылады. Сигналдарды оқитын алгоритм Назарбаев Университетінің ғалымдарына тиесілі. Экзоскелетті жасап шыққандар арасында аталған университеттің докторатанты Бейбіт ӘБДИКЕНОВ те бар. 

"Азат ой" бағдарламасында ғалым жаңа құрылғы туралы өз ойымен бөлісті. Экзоскелет әлі де дамитын болады. Бұл ғылыми жаңалықты жасап шығуға шетелдік ғалым жетекшілік еткен.

Dec 25, 201810:41
Азат ой: Қазақ үкіметіне анимация керек емес!

Азат ой: Қазақ үкіметіне анимация керек емес!

«Жас Алаш» эфирінде журналист Айнұр ТӨЛЕУДІҢ «Азат ой» радио хабары. Бүгінгі қонақ – продюсер, режиссер, суретші, «Анимация киносы ассоциациясының» президенті Ғали Мырзашев. Анимацияда саясат деген «Азат ой» бағдарламасының қонағы мультфильм саласындағы проблемаларды ортаға салады.
Nov 22, 201809:47