Skip to main content
Ottegi Podcast

Ottegi Podcast

By Yerbol Moldazhanov

Оттегі = ақпарат
Бұл математикалық формула емес.

Бұл миды оттегімен байытып, ой-сананы сапалы контентпен қоректендіру арқылы өміріңізге сәуле түсіретін подкасттар сериясы.

Подкаст авторы - журналист, блогер Ербол Молдажан. Ottegi – Massaget порталының жобасы.

Ал енді құлаққабыңызды дайындаңыз.
Available on
Apple Podcasts Logo
Castbox Logo
Google Podcasts Logo
Pocket Casts Logo
RadioPublic Logo
Spotify Logo
Currently playing episode

2. Ернар Қуаныш: Талпынған әр адам АҚШ-та оқи алады

Ottegi PodcastJun 15, 2021

00:00
01:22:34
5. Жолдас Өрісбай: Журналистика мамандық емес – миссия

5. Жолдас Өрісбай: Журналистика мамандық емес – миссия

Ottegi Podcast бесінші эпизодының қонағы – Жолдас Өрісбай.
Жолдас өмірлік миссиясына айналған журналистикаға 2014 жылы аяқ басты. Отандық бірнеше медиада қызмет істеген ол қалам қуатын арттыру үшін мұхит асуға бел буады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінде білімін шыңдап, жақында елге оралды. Қонағымыз эпизодта журналистика, саналы қоғам, сауатты білім беру-алу туралы әңгімеледі. Бұл сұқбат көп жылдық ізденіс пен тәжірибенің сығындысы. Тыңдаған жан, жоқ дегенде, мақсат жолында еңбекті қалай қару қылуды үйрене алады. Өйткені, Жолдастың екінші аты - Еңбек.

@birqabatti_america
– Журналист
– Америкатанушы
– Трэвел блогер
www.zholdasorisbay.com

Time code:
00:00:18 - Алғысөз
00:00:54 – Жолдас Өрісбай кім? Қонақтың өзін таныстыруы
00:02:41 – Мичигандағы өмір, білім, журналистика туралы
00:04:03 – Детройт туралы деректі фильм, зерттеген жұмыстарына шолу
00:07:14 – Қазақ, орыс, ағылшын медиасының ерекшеліктері
00:09:40 – Журналистиканы оқу керек пе?
00:12:50 – Не себепті АҚШ-та оқуды таңдады?
00:15:40 – Студенттің пікірі бір курстың тағдырын шешеді Мичиган университетіндегі қызықты кейстер
00:18:10 – КСРО экономикасын зерттеуі
00:23:31 – Фотожурналистика: Рузвельт әдісі. Сурет өнерінің құдыреті
00:26:00 – Селтеткізер: Жолдас айтқан суреттерге пікір
00:27:00 – «Екі деңгейлі қоғамға айналып кеттік»
00:27:45 – «Өзендегі шошқалар» немесе өнердің қоғамдағы рөлі
00:29:30 – 12 студент тастап кетіп, өзі ғана оқыған сабақ жайында
00:37:49 – Америкалық журналистік мектептердің артықшылығы
00:43:35 – АҚШ медиасында жарияланған 13 мақала қалай жазылды?
00:52:08 – Профессор Полсон
00:53:01 – Селтеткізер: Жолдас кітаппен қалай достасты немесе Әкеге алғыс
00:54:00 – АҚШ-тағы соңғы сайлауда БАҚ қалай жұмыс істеді?
1:06:00 – Трамптың билікке келуіне не себеп болған?
1:13:35 – Қандай кітап көзқарасты өзгертті? Қай кітап пікір қалыптастыруға әсер етті?
1:21:45 – Дұрыс қоғам құру үшін не істеу керек? Алғашқы қадамды неден бастаған дұрыс?
1:24:40 – Кез келген журналист ағылшын тілін білген абзал. Оларға қандай кеңес берер едің?
1:28:29 – Селтеткізер: Ерболды медиаға алып келген – Жолдас
1:30:00 – Мэйл.ру-дағы бір суреттің тарихы
1:34:00 – Замандас журналистерге не айтар едің?
1:35:35 - Соңы. Подкастер сөзі
Sep 30, 202101:36:25
4. Тұрсынбек Башар: Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын

4. Тұрсынбек Башар: Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын

Төртінші эпизод қонағы – Тұрсынбек Башар.

Тағдыр Тұрсынбекті төсек тартқызып сынады. Бірақ оны бір ұлы күш орнынан көтерді. Ол поэзия еді. Ақын қайғыдан мән таба білді. Өзінің ойынша, барлық адам ақын. Бірақ өздері ұмытып кетеді-мыс. Өз жағдайында, мүмкін, оның ақын екенін еске салу үшін осы сырқат бағдар боп берілген болар. Күрескер әрі ақын. Күрескерлігі – көпке үлгі, ақындығы – оқығанға ем. Құдды ол поэзиядан дауа іздегендей, ал оның шығармасы оқырманына шипа секілді. Тылсым әрі қызық байланыс. Сонымен, сіз де сол байланысты сезініп көріңіз. 


@tursynbek.bashar
– Ақын, журналист
– Massaget.kz порталының тілшісі


Time code:

00:00 - Алғы сөз
01:30 - Қонақтың өзін таныстыруы
02:30 - Ақын поэзия әлеміне қалай келді?
05:30 - Төсек тартып қалуы
10:00 - Ақындар неге тағдырлы боп келеді?
13:30 - Төсек тартып жатқан халден тұрғызған қандай күш?
17:00 - Әдеби шығарманы оқудың қажеті бар ма?
18:30 - Тұрсынбек қай поэзияның өкілі?
20:00 - Ақынның прозаға келуі мүмкін бе?
22:30 - Селтеткізер: Ақын Аслан Тілегеннің Тұрсынбек Башар туралы пікірі
23:30 - Өлеңді не үшін өртейсіз?
25:00 - Төрт қыры тең өлең мен “күнделік” өлеңнің айырмашылығы неде?
26:30 - Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын
28:00 - “Өзін ақынмын деп жүрген 90 пайыз ақын - ақын емес”
30:00 - Болашақта жақсы ақын болады деген төрт ақын
32:00 - “Нобельді біз ХХ ғасырдың ортасында алуымыз керек еді”
35:00 - Нобельді саясатсыз таза өнермен алу мүмкін бе?
37:30 - “Тәуелсіз болған адам ғана шынайы шығарма жаза алады”
40:00 - Төлен Әбдікке көңіліңіздің алабөтен болуының сыры неде?
41:30 - Қазақ баласы неге Таласбек Әсемқұловты оқуы керек?
44:00 - Қазіргі сын жазып жүрген жандарға көңілім толмайды
45:00 - Қаламгерге әдеби
47:00 - “Алматы ұлылардың ізі қалған қала”
48:00 - Селтеткізер: Оттегінің тұсауы қалай кесілді?
49:00 -  Ақыннан өлең: “Скептизм”
50:30 - Интеллектуалды поэзия дегеніміз не?
52:00 - 3000 кітапты қай кезде оқыды?
54:00 - “24 жасымда 1-курсқа түстім. Оқуға ешқашан кеш емес.”
55:30 - Қазақ қоғамына керек 3 кітап
59:00 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:00:30 - Соңы. Подкастер сөзі


Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали

Jul 16, 202101:01:18
3. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар

3. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар

Үшінші эпизод қонағы - Тұрар Қазанғап.

Біз Тұрармен фотоөнерге келуі, Тенгриге жұмысқа орналасуы, ел сыртында өткізген фотокөрмелері жайлы әңгімелестік. Ол үздік суреттер мен үздік фотографтар жайлы да айтты. Эпизод фотоөнерге еш қызықпайтын жандарға да ерекше әсер қалдырады деп ойлаймын. Себебі, Тұрар мырзаның әкесі жайлы естелігі мен анасына деген құрметі, адамгершілік туралы ойлары көп адамды ойландырары анық. Ал фотоөнерге қызығатын жандарға қолға түсе бермейтін қазына дер едім. 

@kazangapov.kz
– Фотограф, документалист
– Tengrinews.kz порталының фотокорреспонденті

Time code:

00:00 - Алғы сөз
01:30 - Тұрардың өзін таныстыруы
02:30 - Балалық шағы мен Босаға ауылы жайлы
05:00 - Үш ұрпақтан жалғасқан өнер: фотограф атасы мен әкесі жайлы
10:00 - Фотоөнерге келуге не түрткі болды?
16:00 - Фотожурналистика қызығушылық қашан пайда болды?
18:00 - Фотоархивті қайда сақтаған дұрыс?
21:00 - Елдегі һәм әлемдегі жоғары баға беретін фотографтар
24:00 - Атақты фотограф Юджин Смит жайлы
28:00 - Кураторы Юрий Козыревтің оқиғасы: Ауған соғысында тұтқынға түскен фотограф
32:00 - Фотографты мазалайтын қорқынышты ойлар
37:00 - Кевин Картер, Пулитцер сыйлығы және құзғын мен қыз
40:00 - Тұрар түсіре алмағанына өкінетін сурет: “Қара автобус ішіндегі шахтерлер”
44:00 - Tengrinews.kz сайтына қалай келді?
50:00 - Елдегі жағдай Тұрар Қазанғаптың көзімен
55:00 - Ренат Ташкенбаевпен бірге жасаған фоторепортаждар  жайлы
58:00 - Әке ізімен немесе моряктар өмірі
1:01:00 - Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті және ерекше сурет тарихы
1:07:00 - Өзі фотограф боп барған Геннадий Головкиннің жекпе-жектері жайлы
1:13:30 - Оқиғалар тізбегі көбейген кезде фотограф көзі “байланып” қалмай ма?
1:16:30 - Фотокөрме І Фотокөрмелерге суретті қалай таңдайды?
1:20:00 - Атадан келе жатқан фотоөнер балаға жалғаса ма?
1:22:00 - Шабыт шақырып, біліктілігін арттыру үшін Тұрар не істейді?
1:24:00 - Мобилография науқаны І Тұрар жеке курс ашуы мүмкін бе…
1:27:00 - Кей ақындар өлең өртейді. Тұрар сурет өшіре ме?
1:30:30 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:33:30 - Соңы. Подкастер сөзі

Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали

Jul 02, 202101:34:38
2. Ернар Қуаныш: Талпынған әр адам АҚШ-та оқи алады

2. Ернар Қуаныш: Талпынған әр адам АҚШ-та оқи алады

Подкастымыздың екінші қонағы - Ернар Қуаныш.

Ернар бұл эпизодта "Болашақ" грантын ұтуы және Оңтүстік Калифорния университетінде оқуы жайлы айтты. Оқу барысында басынан өткен қызықты кейстермен бөлісті. Олар: қытай қыздарымен болған түсінбеушілік, гей профессор және плагиат күдігі еді. Бұл кейстер Америкадағы оқуға қатысты картинаныңызды толысу түсуіне көмектесері анық. Сондай-ақ, ол ағылшын тілін үйренуге қатысты да өз пікірін білдірді. Америкада не әлемнің ТОП университеттерінде оқығыңыз келсе, бұл эпизодты тыңдағаныңыз абзал. 

@yernar_kuanysh
– PR маманы
– ”Болашақ” түлегі

Time code:
00:00 - Алғы сөз
01:50 - Ернардың өзін таныстыруы
03:50 - Америкада оқу жайлы ой қашан келді
05:50 - Ағылшын тілін үйренуі жайлы
10:00 - Бір аптада ағылшын “үйрететін” марафондар турасында
13:00 - Bolashaq бағдарламасына дайындық
16:00 - Bolashaq грантын ұтуға көмектескен нәрсе
23:00 - Чикаго қаласындағы 6 айлық тілдік курс
26:00 - Америкадағы университет таңдау қалай жүзеге асты
33:30 - Оңтүстік Калифорния университетіндегі оқуы
39:00 - Ол жақтағы университеттің біздікілерден айырмашылығы
42:30 - Кейс №1: Қытай қыздармен болған түсініспеушілік
45:30 - Кейс №2: Плагиат күдігі
52:10 - Кейс №3: Гей профессор
58:10 - Дамыған әлем елдері қабылдаған этикеттер
1:01:00 - Лос-Анджелес қаласындағы өмір
1:04:30 - Америкаға оқуға барушыларға кеңес
1:11:00 - Америка дипломының құдыреті және елдегі алғашқы жұмыс
1:14:00 - Жеке PR компаниясын ашуы
1:16:30 - Америкада оқуға түсу бұрынғыдан оңай
1:18:30 - Қазір сұранысқа ие мамандықтар
1:20:00 - Bolashaq  бағдарламасына берген уәделер орындалып жатыр ма?
1:21:30 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:22:00 - Соңы. Подкастер сөзі


Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали

Jun 15, 202101:22:34
1. Ескендір Бестай: Баланы жақсы көре алмағаннан ұрамыз...

1. Ескендір Бестай: Баланы жақсы көре алмағаннан ұрамыз...

Подкастымыздың алғашқы қонағы - Ескендір Бестай.

Ескендір мырза “Бала тәрбиесі” тақырыбына кездейсоқ келіп, бүгінде  “Бала бақытын қорғаушыға” айналған жан.

Бала тәрбиесі тақырыбы өзі үшін хоббиға жақын дүние деп айтса да, бұл салада түйген-білгені көп. Осы уақытқа дейін мыңдаған ата-ананың көзқарасын жақсы жаққа өзгеруіне үлес қосты. Ескендірдің ерекшелігі ғалам ғалымдарының теориясы мен киіз үй тәрбиесін және өз тәжірибесін үш өрім ғып өріп ата-анаға ұсына алады. 

@eskenbestai
– тренер, педагог
– төрт баланың әкесі
@kitap_kluby модераторы


Time code:

00:00:18 Алғысөз
00:01:36 Ескендір Бестай кім? Өзінің ойынша…
00:03:26 Бала тәрбиесін зерттеуге қалай келген?
00:06:40 Баланы шартсыз қабылдау
00:10:48 Баланы шексіз жақсы көре алу
00:13:35 Жақсы көре алу: ұлдарының мысалдары
00:15:32 Сұлулық тәрбиесі
00:18:36 Саммерхилл мектебі шартсыз қабылдаудың озық үлгісі
00:23:45 Жақсы көру әрекет пе?
00:24:54 Сезімді атап үйрену керек
00:31:33 Баланың қарым-қатынасы – ата-ананаың айнасы
00:39:40 Тәрбиенің мақсұты
00:54:00  Бала тәрбиесіндегі әке рөлі
00:57:24 Баланы еңбекке баулу
1:04:16 Не үшін ата-ана баласын ұрады?
1:12:22 “Баланы таяқпен тәрбиелеу керек” деген ойға пікірі
1:17:40 Қарттар үйінің тұрғыны болмас үшін...
1:20:57 Ата-ана балаларын алалауы мүмкін бе?
1:24:17 Бала тәрбиесінде нені білу керек?
1:27:43 Ескендір Бестай қазір нені зерттеп жүр?
1:31:50 Кітап жазу туралы ойы
1:35:32 Дәл қазір Қазақстан халқы тыңдап отыр. Сізде 2 минут уақыт бар. Не айтасыз?


Подкаст жүргізушіcі: Ербол Молдажанов
Аудиомонтаж, фотограф: Ернар Алмабек
Дизайнер: Аслан Самарханов, Томирис Есқали

Jun 01, 202101:36:37