Skip to main content
OZGERU KEREK

OZGERU KEREK

By Aina Dosmakhambet

"Өзгеру керек" - бұл күрделі философиялық немесе арнайы мамандандырылған тақырыптарға арналған подкаст емес. Бұл жерде әрқайсысымыздың өмірімізде кездесетін, күнделікті тұрмысымызға әсер ететін қарапайым тақырыптар талқыланады: қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, тұлғалық даму, бала тәрбиесі және т.б.
Available on
Apple Podcasts Logo
Google Podcasts Logo
Overcast Logo
Pocket Casts Logo
RadioPublic Logo
Spotify Logo
Currently playing episode

5. 35 кеңес

OZGERU KEREKSep 19, 2020

00:00
07:13
Невроз: жабысқақ ойлар және олардан құтылу

Невроз: жабысқақ ойлар және олардан құтылу

Невроздың тағы бір жағымсыз белгілерінің бірі - жабысқақ ойлар. Оларды ойламау да мүмкін емес. Олардан құтылу да мүмкін емес. Онда не істеу керек? Жауабы осы эпизодта.

Nov 12, 202314:33
Невроз: паникалық шабуыл және оны жеңу жолдары

Невроз: паникалық шабуыл және оны жеңу жолдары

Невроздың түрлі симтомдары бар. Алайда, ең қорқыныштысы - үрейлік шабуыл (паническая атака). Алайда, оны жеңудің бірнеше оңай тәсілдері бар. Тәсілдер оңай болғанымен, оларды орындау үшін едәуір батылдық керек. Ол қандай тәсілдер? Және үрейлік шабуылдан емделудің бірден бір шарты қандай? Оны осы эпизодтан білетін боласыздар.


Aug 27, 202327:33
Невроз деген не?

Невроз деген не?

Короновирустан кейін адамдарда уайымдышдық, паникалық шабуылдар, жабысқақ ойлар көбейіп, мазасыздық үдеп кетті. Дәрігерлер де соңғы уақытта невроз белгілері бар адамдардың көбейіп кетінін растайды. Невроз деген не? Оның қандай белігілері бар? Емделе ме? Бұл сұрақтарға осы эпизодта жауап табасыз.

Aug 27, 202324:06
Психологты қалай таңдаймыз?

Психологты қалай таңдаймыз?

Осыдан бірнеше жыл бұрын психологқа бару ұят сияқты көрінетін. Қазір қалыпты жағдайда айналғандай. Бірақ, психологтар көп. Онымен қатар психотерапевт, психиатр, психоаналитик деген мамандар да бар. Олар кім? Бір бірінен несімен ерешеленеді? Кім қандай проблемамен айналысады? Психолог маманды таңдағанда не нәрсене мән беру керек, ал не нәрсені мүлдем маңызды емес? Бұл және басқа да сұрақтарға осы эпизодта жауап табасыз

Jul 31, 202320:49
15. Реніш. Және оның әсері

15. Реніш. Және оның әсері

Реніш - басқа біреуді жазалау үшін өзің ішітін у сияқты: саған ғана зияңы тиіп, басқаның өміріне еш әрекет етпейді. Бұл паттернді бұзі үшін не істеу керек? Неге реніш - пассивті агрессия болып саналады? Біз біреуді ренжітіп қойсақ, қалай кешірім сұрған дұрыс? Осы эпизодта біз бұл сұрақтардың жауабын тауып көреміз.
Dec 19, 202226:30
14. “Қазақша сөйле”

14. “Қазақша сөйле”

Біреуге “қазақша сөйле” деп жүріп, өзіміз қазақша сөйлеуді ұмытып жүрген жоқпыз ба? Бұл эпизодта мен қазіргі қазақ тілінің жағдайы туралы өз ойыммен бөлістім.
Dec 13, 202225:04
13. Ене мен келін: бітпейтін эпопея

13. Ене мен келін: бітпейтін эпопея

Қазақстанның ажырасу статистикасы мәз емес. Ажырасу себептері түрлі болғанымен, басым бөлігі отбасана басқа адамдардың (көп жағдайда енелердің) араласуынан екен. Бұл эпизодта біз солардың ең күрделісі - ене/келін институтын талқылап көреміз.
Nov 30, 202148:23
12. Қаржылық сауаттылықтың 11 ережесі

12. Қаржылық сауаттылықтың 11 ережесі

Адамдар өздігінен бай бола қоймайды. Көп жағдайда ақшаны дұрыс басқара алатын адамдар өз ақшаларын көбейте де алады. Ал ақшаны дұрыс басқару үшін қаржылық сауаттылықтың негіздерін білу керек. Бұл эпизодта мен сіздердермен қаржылық сауаттылықтын ең негізгі, базалық ережелерімен бөлісемін.

Jun 22, 202129:01
11. “Сіз қалай бәрін үлгересіз?”

11. “Сіз қалай бәрін үлгересіз?”

Маған қойылатын сұрақтардың шеруін жасайтын болсам, “Айна ханым, сіз қалай бәрін үлгересіз?” деген сұрақ бірінші орынға шығар еді :) бұл эпизодта осы сұраққа жауап беріп көрейік
Apr 21, 202114:45
10. Армандар картасы харам ба?

10. Армандар картасы харам ба?

Армандар картасы деген не? Оны қалай жасайды? Ол харам емес пе? Бұл эпизодта біз осы сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Mar 27, 202118:56
8. Мезі қылған мотивация

8. Мезі қылған мотивация

“Мотивация жоқ”, “Мотивацияны қайдан алам?”, “Мотивацияны қалай табам?” деген сұрақтар мазалап жүр ма? Онда бұл эпизод дәл сізге арналған!
Jan 25, 202117:33
7. Бұл менің мақсатым ба?

7. Бұл менің мақсатым ба?

Жаңа жыл жаңа мақсаттардан басталады. Алайда сіз қойған мақсаттар шынымен сіздікі ме? Сіз шынымен сол нәрсені қалайсыз ба? Өз мақсаттарыңызды өзге адамдардың мақсатынан қалай ажырата аласыз? Подкасттың осы шығарылымы сізге бұл сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі.
Jan 04, 202127:10
6. Ер адамның бақыты неде?

6. Ер адамның бақыты неде?

Біз “әйел бақыты” деген ұғыммен таныспыз. Оның неден құралатынын жақсы білеміз? Ал ер адам үшін бақыт деген не? Ер адамдарды қандай нәрселер бақытты қылатын білеміз бе? Дәл осы эпизодта мен бұл сұрақтың жауабын ер адамдардың өзінен іздедім.
Oct 25, 202040:32
5. 35 кеңес

5. 35 кеңес

15 қыркүйекте мен отыз бесінші туған күнімді атап өттім. Соған орай сіздермен өзім ұстанатын 35 кеңеспен бөлісуді жөн көрдім :)
Sep 19, 202007:13
4. Махаббаттың 5 тілі

4. Махаббаттың 5 тілі

Подкасттың бұл эпизодында біз Гэри Чэпменнің “5 языков любви” атты кітабынын алынған махаббатың 5 тілін үйреніп, “сен мені жақсы көрмейсің” деген шағымға көзқарасымызды өзгертіп көреміз.
Sep 02, 202018:15
3. Жұрт не дейді?

3. Жұрт не дейді?

Бұл эпизодта біздің қоғамымыздың басты сұрағын талқылаймыз :) бұл қандай сұрақ? Әрине “жұрт не дейді?” деген сұрақ. Жұрт деген кім? Олар не дейді? Олар неге “дей береді”? Және жұртың сөзінен қалай қорықпауға болады?
Aug 17, 202018:30
2: Дұрыс шыдап жүрміз бе?

2: Дұрыс шыдап жүрміз бе?

Өміріңізде өзіңізге қанша рет “шыда” деп айттыңыз? Ал басқалар сізге қаншама рет “шыда” деп кеңес берген еді, есіңізде ме? Бірақ сіз дұрыс шыдап жүрсіз бе? Осы эпизодты тыңдап, бұл сұраққа жауап беріп көріңіз.
Aug 08, 202012:07
1: Неге “Өзгеру керек”?

1: Неге “Өзгеру керек”?

“Өзгеру керек” - бұл #ажыраспа жобасынан туған подкаст. Подкастта қарапайым, әр адамның өмірінде күнделікті кездесетін, бірақ біздің әрекет етуімізге тікелей әсер ететін тақырыптар қозғалады.
Aug 08, 202001:46