StudPodcast by Erkanat
By StudPodcast by Erkanat
StudPodcast by ErkanatJan 08, 2021
СтудПодкаст Айдос мырзамен
Қонақта рухани әңгімелерді насихаттаушы, блогер - Айдос мырза. Бұл эпизодта:
- Блогты рухани бағытта жүргізу туралы
- Блогер ретіндегі табысы туралы
- Қиындықтарымен артықшылықтары туралы
сөйлестік.
СтудПодкаст Арна ханыммен
Қонақта ЖасӨркен бағдарламасының қатысушысы, Самрұқ Қазына порфтельді компанияларында жұмыс істеп жүрген - Арна Қайратқызы. Бүгінгі эпизодта:
- Ұлттық компанияда жұмыс істеу туралы
- ЖасӨркен конкурсының турлары туралы
- Сондай-ақ, турларды өту барысында неге назар аудару керектігі туралы
әңгіме өрбіттік.
СтудПодкаст Данияр мырзамен
Қонақта Лайфхактар кітабының авторы, 1200 адамға копирайтинг негіздерін үйретуші, өмірді жеңілдетуге арналған нұсқаулықтар ұсынушы - Данияр Жігітбек. Бүгінгі эпизодта:
- Сүйікті істі табу туралы
- Жүйелеуді жолдары туралы
- Ақылы курстарға қатысу, таңдау туралы
әңгіме өрбіттік.
СтудПодкаст Жәнібек мырзамен
Қонақта Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті, қазақша поэзиялар дикторы - Жәнібек Әшімжанов. Бұл эпизодта:
- Инстаграмда қазақша поэзия оқудың қыр сыры туралы
- Кассир қызметінің жұмысы туралы
- Адамдардың дұрыс контентті таңдауы туралы
- Студенттің жұмыс істеуі туралы
сөйлестік.
СтудПодкаст Нәрікби мырзамен 2 бөлім
Нәрікби мырзамен болған эпизодтың екінші бөлімі. Бұл бөлімде:
- студентпен мұғалім арасындағы байланыс туралы
- сабақта не үшін көшіретініміз туралы
- ұялу менталитеті туралы
- университет ойын сауық кешені ма?
деген тақырыптарды талқыладық
СтудПодкаст Нәрікби мырзамен
Қонақта Голландия мемлекетінде, Booking компаниясында инженер-программист болып жұмыс жасайтын, Narikbi.live - каналының жүргізушісі Нәрікби мырза.
Подкастта:
- Студент кездегі ең маңызды құндылықтар
- Қазақстанда студенттерге көшіру қалыпты іс, бірақ Японияда неге ол қате?
- Студенттің ақшаға байланысты түсінігі қандай болу керек?
- Универ шынында да тек ойын сауық кешені ма? Әлде ғылыммен айналысатын орын ба?
- Студенттің басты миссиясы не? Адам өзін қалай тануы керек?
деген сұрақтарды талқыладық.
СтудПодкаст Ерқанат мырзамен
Қонақта осы подкасттың жүргізуші - Ерқанат Еркінбек. UIB университетін бітіріп, қазір Самрұқ Қазына портфельді компанияларында жұмыс жасап жүрген IT менеджер десек те болады.
Подкастта:
- Жұмысқа байланысты өзгеше ойлар туралы
- Қалай жанып кеткенім туралы
- Қандай қиындықтар болғаны туралы
- Ақшаның маңыздылығы туралы
- Досқа/қызға байланысты көзқарастар туралы
талқыладық.
СтудПодкаст Рамазан мырзамен
Қонақта GLOVOның қызметкері, АУЭС университетінің 4 курс студенті Рамазан Аралбаев мырза
Подкастта:
- Glovo -да курьер болудың плюс минустары
- Glovo мен Wolt қайсысы көп төлейді?
- Курьер болудың қаншалықты қиын екенін
талқыладық.
СтудПодкаст Аяша ханыммен
Қонақта 6 тілді меңгерген, Испания, Франция мемлекеттерінде оқыған Аяша ханым.
Подкастта:
- Қазақстандық студент қалай шет елде оқуға болатынын
- Бағдарламалардың беретін мүмкіндіктерін
- Сондай-ақ шет елде оқу барысындағы қызықты оқиғаларды
талқыладық.
СтудПодкаст Жалғасбек мырзамен
Подкастта:
- Универде мұғалімдермен байланысты қалай орнату керектігі туралы
- Студенттерге қаржылық сауаттылыққа байланысты ТОП 3 кеңес туралы
- Сондай-ақ қалай АҚШ-қа барғанын, виза қалай алғанын, қандай қиындықтары, қандай күшті сезімдері болғаны туралы және өзге де маңызды тақырыптарды талқыладық.
СтудПодкаст Диана ханыммен
Подкаст барысында
- 1шы курста жұмысты қалай тапқан дұрыс?
- студентке жұмыс істеген қаншалықты маңызды?
- бір айда 200 000 тг шығын
- жұмысты ұнатып істеу қаншалықты маңызды?
- алдағы уақытта жоспарлары туралы
талқыладық. Сіздерге пайдалы подкаст болады деген сенімдеміз.
СтудПодкаст Айдар мырзамен
Подкаст барысында
- официант болудың оң және теріс жақтары
- қанша жалақы алуға болады, күніне максимальды қанша тапқаны туралы
- қиын болған кездері туралы
- маркетологқа қалай ауысып кеткені туралы
- алдағы уақытта жоспарлары туралы
талқыладық. Сіздерге пайдалы подкаст болады деген сенімдеміз.