Skip to main content
Бітеу жара (Желтоқсан-86)

Бітеу жара (Желтоқсан-86)

By Kitabu

Жақсыбай Самраттың «Бітеу жара» тарихи романының басты тақырыбы – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Романда Қазақстан тарихындағы елеулі кезең елеусіз қалған қаһармандарының тағдыры арқылы суреттелген. Қалың оқырманды қызықтырған кітапты енді аудиоформатта тыңдай аласыздар.
© Tolqyn Production ЖШС, 2021
© KITABU аудиокiтап баспасы, 2021

Аудиокітап «КазЦинк» компаниясының қолдауымен жарыққа шықты.
Currently playing episode

Бітеу жара (Желтоқсан - 86)

Бітеу жара (Желтоқсан-86)Dec 14, 2021

00:00
14:15:12
Күнкөрістен кет, байлыққа жет!

Күнкөрістен кет, байлыққа жет!

Кітаптың атауынан секем алуыңыз мүмкін. «Қаптап кеткен коучтардың бірі шығара салған кітап шығар» деп.

Алайда бұл – кешке оқысаң, таңмен бай болып оянасың деген мазмұндағы кітап емес. Бұл – 300-ден астам адамға жүргізілген сауланама негізіндегі тек өмір шындығына негізделген кітап. Кітапта кәсіпкерлікке ішкі рухани дайындықтан бастап, менеджментке дейінгі тақырыптар қозғалады. «Әр кәсіпкердің үстелінде жатса жақсы болар еді», - деп түйген екен бизнесмендердің бірі бұл кітап туралы.

Feb 27, 202204:15:30
Бітеу жара (Желтоқсан - 86)

Бітеу жара (Желтоқсан - 86)

Жазушы Жақсыбай Самрат "Бітеу жара" атты романында елдікке ұмтылған саналы жастардың өршіл бейнесін жасау арқылы болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді. Қазақ халқының елдігі мен мемлекеттігінің қалыптасуындағы шешуші тарихи Желтоқсан оқиғасында жекелеген адамдар мен типтік тұлғалардың атқарған рөлін сипаттау арқылы адам факторын алға шығарады.

Роман туған халқының тағдыр талайына бейжай қарамайтын барша тыңдарман қауымға арналған.


© Black&White Videoproduction, ЖШС, 2021

© Tolqyn подкастинг орталығы, ЖШС, 2021

© Kitabu жобасы, 2021


Бас директор: Думан Қожахметов

Жоба жетекшісі: Сергей Корносенков

Продюсер: Жанар Керімбаева

Оқыған: Талғар Мырзабек.


Аудиокітап "КазЦинк" компаниясының қолдауымен жарыққа шықты.


Dec 14, 202114:15:12