Назар аудар!
By STAN KZ
Назар аудар!Sep 30, 2020
Сегіз тіл білетін полиглот жігіт тіл меңгеру жолдары жайлы айтты
Әрсен Шәди қазақ тілі мен орыс тілінен бөлек тағы бірнеше тілде еркін сөйлейтін ер азамат. Айтуынша, ел ішінде өзін полиглот деп есептейді. Сегіз тіл білетін қазақ жігіті тілдерді қалай меңгергені жайлы айтып, үйрену әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Құрбан Айт туралы не білуіміз керек?
Құрбан Айт туралы не білуіміз керек?
Ораза ұстау ережелері: Имам ең маңызды сұрақтарға жауап берді
Мұсылмандар үшін ерекше қасиетті саналатын Рамазан айы да келе жатыр. Карантин уақытында қалай ораза ұстау керек? Алғаш рет ораза ұстағалы жатқан адамдар нені ескеруі керек? Stan.kz тілшісі Алматы қаласының Орталық мешіт наиб-имамы Ермек Көкірекбаевпен тілдесіп, қасиетті айда қандай іс қайырлы болатынын, не істеген абзал болатынын сұрады.
"Ұстазың кофе алып беріп, сабақ оқытады": Отандасымыз Түркияда білім алудың артықшылықтары мен жолдарын айтты
Отандасымыз Түркияда білім алудың артықшылықтары мен жолдарын
"Жатырымды америкалықтарға жалға бердім": АҚШ-тан келген отбасы үшін нәрестесін көтерген қазақ әйелінің оқиғасы
АҚШ-тан келген отбасы үшін нәрестесін көтерген қазақ әйелінің оқиғасы
Қазақстандықтарға қандай жағдайда несие кешіріледі?
Былтыр Қазақстан президенті Үкімет пен Ұлттық банкке бұған дейін болып көрмеген шараны - қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушы несиелерін кешіруге тапсырма берген. Несе әлеуметтік жағдайы төмен халықтың бөлігіне кешірілді. Қалған қазақстандықтардың несие айыппұлдары мен қарыздарынан босатты. Осы орайда қазақстандықтар әлі де несиелері кешіріледі деп үміттеніп жүр. Қазақстандықтарға қандай жағдайда несие кешірілуі мүмкін және алдағы уақытта кешірілуі мүмкін бе? Осы сұрақтарға GSB UIB директоры, экономист Мақсат Халық жауап берді.
100 мың теңгеге қандай елге баруға болады? Cаяхатшы, психолог Динара Болат арзан саяхаттаудың құпиясымен бөлісті
Жиһангез-блогер атанған Динара Болат қазаққа ескі көзқарастан арылу керек деп санайды. Саяхатшыға көп оқырман өздерінің мәселелері жайлы жиі хат жазатын көрінеді. Көптеген елді аралап, саяхаттап жүрген ол қазаққа саяхаттау, ел-жер көріп, танымын кеңейту керек деген кеңес айтады. Stan.kz тілшісі Динараның өзімен тілдесіп, саяхат, қоғам, отбасы туралы пікірін сұрап білді.
"Көпшілік қазақ әйелдері оргазм ала алмайды": Қазақстандық сексолог қазақ отбасыларындағы басты проблемаларды атады
Соңғы деректер бойынша, қазақ ерлерінің арасында белсіздікке ұшырағандар үлесі 20%-ға жеткен. Әйелдердің арасында да қанағаттанбаушылық сияқты проблемалар жиі кездеседі. Сексолог Жанна Төремұратова қазіргі кездегі әйел мен ердің арасындағы салқындық, бір-біріне жыныстық қанағаттанбау ажырасуға басты себеп екенін айтады. Сексология тақырыбы неге қазақ әйелдерін ұялтады?
"Қазақтардың көбі өзбек болып жазылып кеткен": Шетелде 8 миллион қандасымыз қайдан жүр?
Әлем бойынша 8 миллионға жуық қазақ шет мемлекеттердің тұрғыны болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, қазақ диаспорасының ең көп бөлігі Өзбекстанда, Қытайда, Ресейде, АҚШ және Түркияда шоғырланған.
"Блатной шопан" Алмас Садырбаев: Мемлекеттік қызметті қой бағу үшін тастап кеттім
Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту үшін не қажет, кәсіпкерлерге қолдау көрсетпей жатқан мемлекет кінәлі ме, "алақан жайып жүрген" кәсіпкерлер кінәлі ме, қой өсіріп, баю үшін қандай қаражат керек? Stan.kz Назар аудар подкасты үшін "Шопан ата" қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы, мал шаруашылығының жанашыры, кәсіпкер Алмасбек Садырбаевпен сұхбаттасып, еліміздегі қой шаруашылығы қалай дамып жатқанын білді.
Қазақстандық дәрігер тектің адам өміріне қалай әсер ететінін айтты
Мәди Алдабергенов - Қазақстандағы бірен-саран тектанушылардың бірі, дәрігер-невропотолог. Осы бағытта Польшада “Recall Healing” институтында білім алып, Мәскеуде семинарлардан өткен. Айтуынша, қазір өзіне келген пациенттер бір-екі сеанстан соң дерттерінен арылып, ұзақ уақыт бас ауру болған проблемаларының шешімін табады. Stan.kz тілшісі тектанушымен ата-баба синдромы, тектанудың адам өміріндегі маңызы жайлы сөйлесті.
Донор болмас үшін не істеу керек?
Көп адам күйбең тіршіліктің күйіне салынып, өлім жайлы ойлана бермейді. Қайтыс болған соң ағзаларыңыздың тәніңізден ажырап, өзгенің денесіне алмастырылатыны жайлы ойланып па едіңіз? Егер адам тірі кезінде ағзаcын трансплантациялаудан бас тартпаса, онда қайтыс болғаннан кейін медициналық мекеме қызметкерлері оның ағзаларын алуға құқылы. Мұны "келісім презумциясы" деп атайды және қазақстандықтардың көбі одан бейхабар. Денсаулық сақтау Кодексінің соңғы өзгерістеріне сәйкес, жеке тұлға өз атынан трансплантация жасаудан бас тартатынын айтып, өтініш жазуы керек. Бұл өтінішті қайда барып, қалай жазады? Оны қайда тіркейді? Stan.kz тілшісі емханаға барып, өтінішін тіркеп көрді, мәселенің егжей-тегжейімен бөліседі.
Алты жасында зорлық көрген отандық заңгер педофилдерге өлім жазасын сұрайды
6 жасында көршісі зорлаған белгілі заңгер Ләззат Рақышева саналы өмірін зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арнаған. Оған бұл туралы айту әлі күнге дейін қиын. Соңғы уақыттарда еліміздегі педофилдердің көбеюі оны алаңдадаты. Ол балғын балалықтың тұнығын лайлайтын арамзаларға өлім жазасына кесуді сұрайды. Stan.kz тілшісі Ләззатпен тілдесіп, оқиғасын тыңдады.